Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Комитеттер
Министрлік туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Институт туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
19 февраля 2025
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТИМУР МҰРАТОВ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 

Бүгін жұмыс сапарымен Павлодар облысына Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов келді. Сапар барысында ол Ақсу қалалық ауруханасының жұмысымен танысып, халықпен кездесу және балалар шығармашылығы үйінде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында вице-министр көп балалы ер адамның өтінішін қарады, ол ұлына операция жасауға жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ, баланың анасы Астана қаласында атопиялық дерматит бойынша мамандандырылған ем алу үшін квота беруді сұрады. Вице-министр осы мәселелердің әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, олардың шешімдері оның жеке бақылауына алынғанын атап өтті.

Журналистермен кездесуде өңірлік және республикалық маңызы бар мәселелер көтерілді. БАҚ қозғаған маңызды мәселелердің бірі медицина қызметкерлерін кәсіби сақтандыруға қатысты болды. Бүгінгі таңда Павлодар облысының 35 мемлекеттік медициналық мекемесінің 32-сі медицина қызметкерлерін сақтандыру шарттарын ресімдеді. Бұл мәселе жергілікті денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Сонымен қатар, кездесу барысында медициналық анықтамалардың электрондық форматқа, оның ішінде еңбекке жарамсыздық парақтарына көшуі, өңірдегі кезектілік және кадр тапшылығы мәселелері,Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта қандай шаралар қабылдап жатқаны сияқты жаңалықтар талқыланды.

Ертең, 19 ақпанда вице – министр өңірдің бірқатар медициналық нысандарына, оның ішінде №1 Павлодар қалалық ауруханасы мен облыстық балалар ауруханасына баруды, сондай-ақ өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылау үшін облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

18 февраля 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ӨТТІ

Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда профессор Б.Баймаханов басқарған А.Сызғанов атындағы ҰҒХО мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті..

Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ісінумен, гиперспленизм синдромымен асқынып, науқастың жағдайын қиындата түсті. Ұзақ уақыт жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жағдайы нашарлап, оған бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болды.

Донор ретінде науқастың 19 жастағы қызы Сахавитдинова Эльвира жан-жақты медициналық тексеруден өтті.

Бауыр трансплантациясы Түркістан облыстық клиникасының базасында ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мен академик Б. Баймахановтың жетекшілігімен өткізілді. Бұл операция шеңберінде В.Мутагиров, М. Жұмабекова (анестезиологтар), М. Досханов, С. Тілеуов, Ж.Оспан (хирургтар) және облыстық клиникалық аурухананың мамандары белсенді жұмыс атқарды.

Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең ауыр асқынуларсыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.

Бұл операция аймақ тарихындағы алғашқы бауыр трансплантациясы болды және Түркістан облысында трансплантология саласының дамуына жаңа мүмкіндік ашты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

14 февраля 2025
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ АШЫЛДЫ

 

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Кудряшово ауылында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиевтің қатысуымен жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылды.


Жаңа медициналық нысан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынды.
2 мыңға жуық жергілікті тұрғынға қызмет көрсететін салынған ФАП ыңғайлы жағдайда медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Медициналық ұйым штатында пациенттерді 1 дәрігер және 5 орта буын медицина маманы қабылдайды.


Жаңа нысан сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосылған, сондай-ақ медициналық жабдықтармен толық жарақтандырылған, физиотерапия, вакцинациялау кабинеттері, дәріхана пункті бар.
Ұлттық жобаның шеңберінде Атырау облысында 18 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған, оның 13-і пайдалануға берілген.


Өңірде ауылдық елді мекендерді білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін ауылдық медициналық ұйымдарға жұмыс істеуге келген мамандар үшін 10 миллион теңгеге дейін біржолғы көтерме төлем енгізілді.
Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жаңа ФАП ашу ауыл халқының денсаулығын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

14 февраля 2025
ВИЦЕ-МИНИСТР Е. НҰРЛЫБАЕВ АҚТӨБЕДЕГІ ӨҢІРЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АЛҚАСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарына барып, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы алқасының кеңейтілген отырысына қатысты.
Жұмыс сапары шеңберінде Ержан Нұрлыбаев биылғы жылы жаңа туған нәрестелер хирургиясы орталығы мен №3 қалалық емхананы ашу жоспарланған облыстық перинаталдық орталыққа барды.
Сапардың шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.


Бұл құжат медицина кадрларын даярлау, практикалық медицина және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына инновацияларды бірлесіп енгізуге бағытталған.


Сондай-ақ, вице-министр Марата Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығы бөлімшелерінің жұмысымен танысты және жоғары оқу орнының ұжымымен кездесу өткізді.


Кеңейтілген алқа барысында вице-министр өңірлік денсаулық сақтау қызметінің 2024 жылғы қорытындыларымен танысты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі міндеттерді белгіледі.
«Біз ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл Ақтөбе отбасыларын гравидаралды даярлықпен қамтуды кеңейту, МСАК мамандары мен көпбейінді стационарлардың арасындағы кәсіби байланысты нығайту, арнайы бейінді мамандардың біліктілігін арттыру», - деп атап өтті Ақтөбе облысы ДСБ басшысы Ерлан Сұлтангереев.


Алқа барысында ауылдық жерлерде кадрлармен жеткіліксіз қамтылу мәселелері көтерілді. Медицина мамандары әлеуметтік қолдау шараларының арқасында ауылдық жерлерде 100-ге жуық маман, оның 25-і арнайы бейін маманы жұмысқа орналастырылды.


Алқаның қорытындысы бойынша Ержан Нұрлыбаев ақтөбелік әріптестерімен бірлесіп өңірлік денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелеріне талдау жүргізді.

14 февраля 2025
АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ 11-ШІ ҚАЙТА ҚАРАЛҒАН АУРУЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖІКТЕМЕСІ ҰСЫНЫЛДЫ

 

Алғаш рет мемлекеттік тілде 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі (АХЖ-11) ұсынылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ресми түрде қазақ тіліндегі нұсқасын қамтитын 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесінің (АХЖ-11) жаңартылған нұсқасын ұсынды.

🧭

Бұл медициналық деректердің дәлдігін, егжей-тегжейін және үйлесімділігін арттыруға ықпал ететін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Қазіргі уақытта әлемнің 132 елі АХЖ-11 енгізу бойынша жұмыс істеуде, бұл ретте қазақ тілі АХЖ-11 ресми аударылған 11-ші тілге айналды. Бұған дейін ағылшын, испан, орыс, өзбек және басқа да бірнеше тілдердегі нұсқалары шыққан.

💡

АХЖ-11 аурулар мен денсаулыққа қатысты мәселелерді жіктеу мен кодтаудың жаһандық стандартын білдіреді. Құжатта жарақаттардың, аурулардың және өлім себептерінің шамамен 55 000 бірегей коды бар. Ол медициналық құжаттаманы жүргізуді стандарттауға, аурулардың нақты есебін қамтамасыз етуге және ұлттық және халықаралық деңгейде деректермен алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«АХЖ-11 қазақ тіліндегі нұсқасы статистика мен сырқаттанушылықты талдау процесін жақсартуға, эпидемиологиялық ақпаратты жинауға және есепке алуға мүмкіндік береді, бастапқы буындағы медициналық-санитариялық көмекті жақсартуға ықпал етеді, профилактика және емдеу мәселелерін сапалы реттеуге жәрдемдеседі, медициналық деректерді елде және шетелде бірдей түсіндіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.



🔘

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында АХЖ-11 мақұлдағаннан кейін, 2019 жылдың мамырында ДДҰ-ға мүше елдердің алдыңғы нұсқадан (АХЖ-10) кезең-кезеңімен көшу процесін бастады. Қазақстанда қазақ тіліне аудару жобасы 2023 жылы Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен медицина университеттерінің белсенді қатысуымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен басталды. Бұл үдерісте ДДҰ сарапшылары техникалық қолдау көрсетті.


«Қазақ тілін АХЖ-11-ге қосу - Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, медициналық құжаттама мен статистикалық мәліметтердің сапасын арттырады. Бұл денсаулық жағдайын талдауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуды стратегиялық жоспарлауға көмектесетініне сенімдімін»,-деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Skender Syla.



🌐

АХЖ-11 туралы қосымша ақпаратты ДДҰ-ның: https://www.who.int/standards/classifications/classification-of-diseases ресми парағынан табуға болады.

13 февраля 2025
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ҚАЛАСЫ: МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанадағы ЭКСПО аумағында орналасқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің алаңында медициналық бұрышқа барды.

Жас келушілердің, медицина саласындағы болашақ мамандардың қызығушылығын жүрек - өкпе реанимациясын жүргізуге арналған робот манекендер, Пироговтың анатомиялық планшеті, VR көзілдірігі бар Академикс 3Д интерактивті тірегі және limstar телемедициналық жабдықтары мен жабдықталған жедел медициналық жәрдем станциясы сияқты инновациялық жабдықтардың түрлері тудырды.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Құдратуллаев әр девайс туралы, оның қаншалықты тартымды екенін және дәрігерлерге пациенттерге медициналық көмек көрсетуде қалай тез және тиімді көмектесетінін егжей-тегжейлі айтып берді.

Президент медициналық колледж студенттерінен оқудағы жетістіктерін сұрады, медицинаны оқудың маңыздылығын атап өтті және мамандықты игеруде барлық жетістіктерді тіледі.

11-15 ақпан аралығында Елбасы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде елордада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде.

Бұл болашақ мамандардың, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы үшін қарым-қатынас алаңына айналды.

Бірнеше күн бойы мұнда түрлі семинарлар, мұнай және энергетика өнеркәсібі тақырыптары бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, мастер-кластар, концерттер, халықаралық аккредиттелген колледждердің тренингтері және т. б. өтеді.

 

 

12 февраля 2025
МИ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛУ ҚАУПІН БОЛДЫРМАУ ҮШІН ЖАҢА СКРИНИНГ

 

Скринингтік зерттеп-қараудың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылы 3,2 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.


Нәтижелер аурудың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностикалау жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.
Скринингтің барысында мыналар анықталды:

Артериялық гипертензияның 118 497 жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.
•Қант диабетінің 24 901 диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.
* Глаукоманың 6265 жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.

  • Скринингтік жүйеде не өзгерді?
    Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.
    - қант диабетін диагностикалау үшін гликатталған гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген) ;
    - бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;
    - жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.
    - жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тесті.
  • Бұл тәсілдер:
    - асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;
    - скринингті қол жетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).
    Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін (УДДГ БЦА) ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.
    15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясын тасымалдауға молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.
  • Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде:
    ✅артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)
    ✅жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)
    ✅қант диабеті (2 жылда 1 рет)
    ✅глаукома (2 жылда 1 рет)
    жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)
    ✅сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет)
    ✅колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет)
    ✅вирустық гепатит (3-6 айда 1 реттен артық емес).
  • Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.
12 февраля 2025
АЛМАТЫДАҒЫ ФОРУМ: 2024 ЖЫЛЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДІ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ 22%-ҒА ӨСТІ

 

Қазақстанда өткен жылы отандық фармацевтикалық өнімді өндірудің үлесі 22%- ға, 171,6 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте соңғы 7 жылдың ішінде фармацевтика саласына тартылған инвестициялардың көлемі 9,5 есеге ұлғайды, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Алматыдағы 2-ші Қазақстандық фармацевтикалық форумға қатысушылардың алдында.


Дәрілік заттардың отандық өндірісін дамыту және олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инвестицияларды тарту, технологиялар трансферті және елдер аумағында өндірісті оқшаулауға жаңа әзірлемелер бойынша шаралар көзделеді.


«Дәстүрге айналған кезекті қазақстандық фармацевтикалық форум мхемлекет пен инвесторлар үшін денсаулық сақтау саласына инвестициялар тартуға жағдай жасауға және еліміздің фарминдустриясын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған өзара қолайлы шешімдерді әзірлеудің пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.


Форумның жұмысына реттеуші органдардың, фармацевтикалық секторға қызмет көрсететін жетекші халықаралық және жергілікті фармацевтикалық компаниялардың 200-ден астам өкілдері, «СҚ-Фармация» ірі кәсіпорындарының, «QazBioPharm» ҰХ, Қазақстанның халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының басшылары қатысады.


Форумның алаңында Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелері мен фармацевтика саласын дамыту, сондай-ақ «жалғыз терезе» шеңберінде дәрілік заттар нарығына шығу процестерінің реинжинирингі мәселелері талқыланды.


ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің өкілдері дәрілік заттарды таңбалауды енгізу нәтижелері, жеткізу тізбегінің ашықтығына және халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне әсері туралы ақпаратты ұсынды. Фармацевтикалық қызметтің басым бағыттарымен қатар форумның жұмысында ББҚ, оның ішінде импорттық өнім айналымын мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.


Сондай-ақ Қазақстанда дәрі-дәрмектерді ілгерілетуде диджитал-шешімдерді қолдану тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды, Қазақстанның фармацевтикалық нарығында баға белгілеу мәселелері көтерілді, дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудегі реттеуші талаптарды үйлестіру, ұлттық және ЕАЭО стандарттарын тиімді интеграциялау үшін жағдайлар жасалды, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін қалыптастыру қағидаттары туралы ақпарат ұсынылды.

12 февраля 2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ КАМАЛ ОРМАНТАЕВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

 

Бүгін елдің медицина жұртшылығы орны толмас қазаға ұшырады. 89 жасқа қараған шағында Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Сәруарұлы Ормантаев өмірден озды.

Камал Сәруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында туған. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицинада өз жолын бастады. 1968 жылы ол бүкіл ғылыми мектептің дамуына негіз қалап, осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1980-1993) болды.

Өзінің айрықша еңбек жолында ол мыңдаған баланың өмірін сақтап қалу үшін 20 000-ға жуық күрделі операция жасады. Оның еңбегінің арқасында 1500-ден астам практика дәрігері даярланды, олардың көпшілігі Қазақстанда және одан тыс жерлерде үздік мамандар болды.

Еліміздің медицина жұртшылығы отандық медицинадағы орны мен рөлі шын мәнінде бірегей болып табылатын қазіргі заманның ең үздік хирургтарының бірі болған ұлы дәрігердің, педагогтың өмірден озуына қатты қайғыруда. Камал Ормантаевтың есімі Қазақстан медицинасының шежіресіне алтын әріптермен жазылған.
Оның даналығы, біліктілігі және өз мамандығына деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігі онымен жұмыс істеу құрметіне ие болған дәрігерлердің көптеген ұрпақтары үшін үлгі болып қала береді.


Денсаулық сақтау министрлігі Камал Сәруарұлы Ормантаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біздің тәлімгеріміздің, ұлы балалар дәрігерінің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

11 февраля 2025
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

 


Бүгін Шымкентте балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жаңа кардиохирургия бөлімшесі ашылды.

Қалада балалар санының көптігін ескере отырып, бөлімшенің ашылуы операцияларды күту уақытын қысқартуға және жақын маңдағы өңірлерден күрделі диагнозы бар балаларға көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Шымкентте 500 мың бала тұрады, оның 1400-і жүрек кемістігі бар диспансерлік есепте тұр. Биыл 67 балаға операция жасалды, 43 балаға шұғыл хирургиялық түзету қажет.

«Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы білікті мамандарды даярлауға, жаңа бөлімшелер ашуға, клиникалық хаттамаларды әзірлеуге бағытталған 2024-2026 жылдарға арналған балалар кардиохирургиялық көмегін жетілдіру жөніндегі Жол картасын» бекітті. Біз жүрекке немесе медициналық көмектің басқа түрлеріне операция жасауды қажет ететін әрбір баланың оны уақтылы және толық көлемде алуына ұмтылуымыз керек», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Шымкент қаласында ашылған кардиохирургиялық және онымен байланысты қызметтер жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.

Ақтөбе және Түркістан облыстық балалар ауруханаларының базасында өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталықтарын құру жоспарлануда. Бүгінде балалар кардиохирургиялық көмегі еліміздің 6 өңірінің 10 бөлімшесінде, ал облыстық деңгейде Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстық балалар ауруханаларында көрсетіледі.

Қазақстан - Орталық Азиядағы туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз ел. 2024 жылы республикада 2474 операция, оның ішінде 317 жаңа туған нәрестеге жасалды. Барлық операциялардың жартысы бір жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

Оң жақ жүрекшенің құлақшасынан өкпе артериясының неоқақпақшасын жасауды қоса алғанда, озық технологияларды енгізу арқылы біздің мамандар Фалло тетрад және өкпе атрезиясы сияқты ең қиын жағдайларды сәтті шешуде. Биыл осындай 23 операция жасалды.

Халықаралық конференцияның жұмысына Беларусь Республикасының, Өзбекстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның мамандары, ғылыми және республикалық орталықтар, практикалық дәрігерлер қатысады.

Форумның шеңберінде қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында мастер-класс өтеді, онда бүгін кадр ресурстарын дайындап, медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алғаннан кейін кардиохирургия бөлімшесі өзінің кардиореанимациясымен және операциялық блогымен ашылады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы