12–16 мамыр аралығында елімізде репродуктивтік денсаулық апталығы өтеді — бұл кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі әріптестері — Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.
Жоба халықтың репродуктивтік денсаулығы, инфекциялық аурулардың профилактикасы, отбасы жоспарлау және жауапты ата-аналық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөніндегі білімін арттыруға бағытталған.
Негізгі назар жастарға, репродуктивтік жастағы әйелдер мен ерлерге, сондай-ақ ата-аналарға бөлінетін болады.
Бес күн бойы еліміздің барлық өңірінде келесі іс-шаралар өтеді:
• Емханалар мен Жастар денсаулығы орталықтарында Ашық есік күндері өткізіліп, мамандардан тегін консультация алуға болады;
• Жасөспірімдер, жастар және ата-аналар үшін отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және адам папилломасы вирусының профилактикасы тақырыптарында дәрістер, семинарлар мен мастер-кластар өтеді;
• әйелдер мен ерлерге бала сүюге дейінгі даярлық және АИТВ инфекциясына тестілеу бойынша консультация беріледі;
• БАҚ пен әлеуметтік желілерде медицина қызметкерлері, тиісті сала мамандары (гинекологтар, урологтар, дерматовенерологтар, репродуктологтар және т.б.) қатысатын ақпараттық науқандар өтеді;
• мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады;
• Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелеріне ата-аналарды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Аптаның әрбір күні нақты бір тақырыпқа арналады:
• 12 мамыр, дүйсенбі: Отбасын жоспарлау
• 13 мамыр, сейсенбі: Әйелдер денсаулығы
• 14 мамыр, сәрсенбі: Ерлер денсаулығы
• 15 мамыр, бейсенбі: Жастардың репродуктивтік денсаулығы және ЖЖБИ-ге қарсы іс-қимыл
• 16 мамыр, жұма: Адам папилломасы вирусы
Іс-шаралар келесі хэштегтермен жарияланады: #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025
Іс-шаралар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: www.rephealth.kz
Жобаның шеңберінде басты назар жасөспірімдер мен жастарға аударылады — дәл осы жас кезеңінде бүкіл өмірге әсер ететін әдеттер қалыптасады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың репродуктивтік денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар бағдарлама мен жобаны іске асыруда.
Өңірлерде 103 Жастар денсаулығы орталығы жұмыс істейді, 2026 жылға дейін балалар гинекологиясын дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді.
Балалар гинекологтарын қайта даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр, ауылдарда гинекологиялық аурулары бар қыздар мен жасөспірімдерге қажетті медициналық көмек көрсету бағыты әзірленген.
2025 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Аналар саулығы» бағдарламасы прегравидарлық даярлықты қамтиды — бұл фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын бағалап, жүктілікке және дені сау баланы дүниеге әкелуге даярлауға арналған іс-шаралар жиынтығы.
ЮНФПА деректері бойынша Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі жыныстық өмірді ерте бастау қаупі мен оның профилактикалық әдістері туралы жеткілікті ақпаратқа ие емес.
15–19 жас аралығындағы жастардың 60%-дан астамы ЖЖБИ мен жоспарланбаған жүктіліктен қалай қорғану керектігін білмейді. Ал АИТВ-ның берілу жолдарын тек 9% жасөспірім ғана біледі.
Қазақстанда жатыр мойны обырының кең таралуы алаңдаушылық тудырып отыр — бұл әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың ішінде екінші орында.
Жыл сайын шамамен 1900 жаңа жағдай анықталып, 600-ге жуық әйел көз жұмады. Алайда бұл аурудың алдын АПВ-ға қарсы вакцинациялау арқылы алуға болады.
АПВ-ға қарсы иммундау басталғалы бері 11–13 жас аралығындағы 150 мыңнан астам қыз бала толық вакцинациялау курсынан өтті. Екпеден кейін ешқандай жағымсыз жанама әсер тіркелген жоқ.
АПВ-ның қауіптілігі — оның жоғары онкогенді 16 және 18 типтері жатыр мойны обырына жиі себеп болуы. Вакцинациялау ағзаның тұрақты иммунитет қалыптастыруына мүмкіндік береді және болашақта аурудың даму қаупін едәуір төмендетеді.
Бүгін, 12 мамыр, Қазақстанда және бүкіл әлемде Халықаралық мейіргер күні – 141 елдің мейіргерлер қауымдастығын біріктіретін кәсіби мереке атап өтілуде.
Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері, олардың 146 мыңнан астамы – мейіргер жұмыс істейді, ал ауылдық жерлерде шамамен 55 мың маман еңбек етуде.
Соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің рөлі едәуір артты. Қызмет аясын кеңейту және өкілеттіктерді беру арқылы мейіргерлер медициналық көмекті командалық үлгіде көрсету жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.
Бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтуға, пациенттер ағынын тиімді үйлестіруге, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Бүгінде кеңейтілген практика мейіргерлері өз бетінше келесі қызметтерді атқарады:
• пациенттерді бастапқы қабылдау және динамикалық бақылау;
• медициналық құжаттар мен электрондық жазбаларды жүргізу;
• дәрігердің тағайындауы бойынша ақпараттық жүйелер арқылы тегін рецепт жазу;
• пациенттер ағынын реттеу және сұрыптау, қабылдауға жазу;
• активтерді тіркеу және тұрғындарды МСАК ұйымдарына тіркеу.
Мейіргерлердің жауапкершілік саласына сонымен қатар:
• диспансерлік есептегі пациенттермен жұмыс;
• созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы және әмбебап-прогрессивті патронаж моделі шеңберінде консультация беру, оқыту және патронаж;
• вакцинациялау мен скринингтерді қоса алғанда профилактика шаралары;
• медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейдегі халықтың денсаулығын нығайтуға қатысу жатады.
Денсаулық сақтау министрлігі мамандарды даярлаудың сатылы жүйесін енгізді: стандартты деңгейден бастап мамандардың құзыреттеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін «бакалавриат – магистратура – докторантура» академиялық дәрежелеріне дейін.
Қазақстанда мейіргерлерді 94 медициналық колледж даярлайды, оның ішінде 22-сі – мемлекеттік, 72-сі – жекеменшік. Олардың 39-ы – жоғары медициналық колледж мәртебесіне ие.
Жыл сайын елімізде 23 000-нан астам жалпы бейінді маман даярланады, ал соңғы алты жылдың ішінде қолданбалы бакалавриат дипломы бар 20 000-нан астам мейіргер денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа орналастырылды.
Мейіргер ісін дамыту жұмыстарын үйлестіру мақсатында еліміздің 20 өңірінде өңірлік үйлестірушілер тағайындалды. Олардың қатарында – практикалық денсаулық сақтау саласының, білім беру ұйымдарының және басқару органдарының өкілдері бар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі барлық мейіргерлерге халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан баға жетпес үлесі, біліктілігі, жанашырлығы мен адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Тек мейіргерлер ғана әрқашан пациенттің жанынан табылады, өмірдің ең қиын әрі жауапты сәттерінде қолдау көрсетеді.
Кәсіби мерекеге байланысты 14-16 мамыр күндері Түркістан қаласында «Мейіргер қызметінің инновациялары мен даму перспективалары» атты халықаралық форум және Қызылорда қаласында «ҚР-да тәуелсіз мейіргер ісінің ең үздік практикаларын енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Бүгінде Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады. Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды. Бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз.
Таңбалау қандай ақпаратты қамтиды?
2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Енді әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы осы бірегей кодты бірнеше секундта сканерлеп, дәрінің түпнұсқалығы мен заңдылығына көз жеткізе алады. Таңбалау дәрі-дәрмек туралы толық ақпаратты қамтиды: атауы, саны, дозасы, өндірушісі және қозғалыс жолы.
Цифрлық таңбалау дәрілік заттар айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, жалған өнімдермен күресуге және азаматтардың денсаулығына төнетін қауіптерді азайтуға ықпал етеді.
Дәрілерді кім таңбалауы керек?
Өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, дәріханалар мен медициналық ұйымдар – дәрілік заттар айналымына қатысушылардың барлығы Тanba тауарларды таңбалау мен қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) жүйесінде тіркелуі тиіс. Тіркелгеннен кейін оларға жеке кабинет ашылады, онда таңбалау кодтарымен жұмыс жүргізіліп, препаратардың барлық кезеңдегі қозғалысы көрсетіледі.
Бұл ретте, «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру және түзету қағидалары» туралы бұйрыққа сәйкес, шетелдік өндірушілер де отандық компаниялармен тең дәрежеде таңбалау жүйесінде өз бетінше жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, шетелдік компания үшін бірегей кодтарды қазақстандық импорттаушы да тапсырыспен ала алады.
Таңбалау және қадағалау жүйесі қалай жұмыс істейді?
Дәрілік заттарды айналымға енгізбестен бұрын өндіруші Бірыңғай оператордан бірегей Data Matrix кодтарын тапсырыспен алып, оларды қаптамаға жапсырады. Осылайша дәрілер туралы ақпарат таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне түседі.
Дәрілік заттардың айналымындағы екінші буын – импорттаушылар мен дистрибьюторлар болып табылады. Бұл кезеңде айналымның қатысушылары алдын ала таңбаланған препараттарды алады. Егер код оқылмаса немесе жүйеде тіркелмесе, мұндай препаратты сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмейді.
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тізбегінің соңғы кезеңінде дәріханалар мен медициналық ұйымдар тұр. Препараттарды соңғы тұтынушыға – сатып алушыға немесе пациентке дәл осы жерде беріледі. Әрбір кезең Бірыңғай оператор жүйесінде есептілікпен бірге жүреді.
Дәріханалар мен медициналық ұйымдар пайдаланатын жүйелер тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Препаратты сатқаннан немесе пациентке бергеннен кейінгі ақпарат Бірыңғай оператор жүйесіне жіберіліп, дәрілік зат айналымнан шығарылады.
Семей қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық терминология комиссиясы мен Семей медицина университеті бірлесіп Республикалық терминологиялық конференция өткізді.
Конференцияның күн тәртібінде бекітілген медициналық терминдердің бірыңғай сөздігін әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің терминологиялық базасын қалыптастыру және өзекті медициналық терминология сөздігін жасау мәселелері қаралды.
Конференция барысында жас ғалымдар медициналық терминологияға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Олар ғылыми жарияланымдардағы аббревиатураларды, нормативтік құқықтық актілердегі терминдерді және ғылыми-медициналық тілдің жүйеленуін талдауға ерекше назар аударды.
Бөлек тақырып ретінде салалық жасанды интеллектті енгізу мәселесі көтерілді, оның ішінде KAZHealthGPT жүйесін әзірлеу де бар.
Сонымен қатар, қатысушылар «Мемлекеттік тілдегі 100 медициналық оқулық» жобасының болашағына сенім білдірді. Мотивация ретінде қазақ тілінде орындалған ғылыми жұмыстарды ынталандыруды және ғылыми журналдардағы үздік жарияланымдар үшін сыйақылар тағайындауды ұсынды.
Жас ғалымдар бұл бастамалардың табысты болуына мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы рөлінің артуы себеп болады деп санайды. Олар қазақ тілі тек күнделікті өмірде ғана емес, ғылымда да лайықты орын алуы тиіс екенін атап өтті.
Ұлы Жеңіс күні – 9 мамыр – әрқайсымыз үшін ата-бабаларымыздың ерлігіне, жерімізді, бейбіт болашақты қорғап, жанын қиған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне деген құрмет пен естеліктің символы.
Бүгінде, сегіз онжылдықтан астам уақыт өтсе де, біз жүрегімізде батырларымызға деген құрмет пен ризашылығымызды сақтаймыз. Бейбітшілікті қорғап, оны сақтап қалған барлық жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз – олардың ерлігі, төзімділігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі – мәңгі үлгі.
Соғыс жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігін ерекше құрметтейміз – олар алғы шепте, госпиталдерде, санитариялық пойыздар мен эвакогоспиталдерде өмірді арашалап қалды. Олардың Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі – мейірімділік пен адамгершіліктің, кәсіби адалдықтың жарқын көрінісі.
Қан майданда қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, жақсылық, амандық пен өзара түсіністік тілейміз!
Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте онкологии и радиологии (КазНИИОиР) впервые в Казахстане было проведено уникальное хирургическое вмешательство совместно с Первой больницей Пекинского университета с применением роботизированной хирургической системы Sagebot SR–2000.
Хирургическое вмешательство длилось около двух часов. В ходе операции выполнена органосохраняющая парциальная резекция почки, направленная на удаление злокачественного новообразования с сохранением функциональной активности органа и снижением риска послеоперационных осложнений.
Операция проведена доктором Ли Сюэ Суном (M.D., Ph.D.), который находился в городе Пекин (КНР) и дистанционно управлял ходом вмешательства с использованием современных телекоммуникационных технологий. Контроль за ходом операции в Алматы (Казахстан) осуществлял врач-хирург КазНИИОиР, PhD Хусан Талипбаевич Умурзаков.
Роботизированная хирургия является одним из наиболее современных и эффективных методов в таких областях, как урология, гинекология и общая хирургия. Данный метод сочетает преимущества лапароскопии — малоинвазивный доступ и минимальная травматичность тканей — с возможностями 3D-визуализации, высокой точностью движений и интеллектуальными системами контроля. Это обеспечивает более лёгкое течение послеоперационного периода, раннюю активизацию, сокращение сроков госпитализации и снижение риска осложнений.
В рамках стратегического развития медицинских технологий в ближайшие месяцы запланировано проведение 50 высокотехнологичных операций с использованием роботизированной хирургической системы. Операции будут проводиться в таких ключевых направлениях, как урология, гинекология и абдоминальная хирургия.
На сегодня в рамках действующих соглашений с ведущими онкологическими центрами Китая и Турции планируется реализация совместных проектов по внедрению инновационных методик лечения опухолевых заболеваний различных локализаций с применением роботизированной хирургии.
Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандарының біліктілігін арттыру жылы деп жариялады.
Бастама денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға және алғашқы көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің — халыққа медициналық қызмет көрсетудің базалық деңгейінің қосымша кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.
2025 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша білім берудің ауқымды бағдарламасын іске асыру басталды.
Бағдарлама шеңберінде үш жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары оқытудан өтеді. Даярлау өңірлендіру қағидаты бойынша еліміздің жоғары және орта медициналық мекемелерінің базасында ұйымдастырылған.
Жалпы практика дәрігерлері үшін 12, орта медициналық персонал үшін — 6 мамандандырылған білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытудан МСАК жүйесінің жұмыс істейтін қызметкерлері:
• 2135 жалпы практика дәрігері
•3051 орта медицина қызметкері
• 781 медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілі
• 828 медициналық колледж оқытушысы өтеді.
Қазіргі уақытта бейінді қайта даярлауды Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласын қоса алғанда еліміздің 12 өңірінде орналасқан МСАК ұйымдарынан 136 дәрігер, 419 орта медициналық персонал өкілдері, сондай-ақ медициналық колледждердің 38 оқытушысы бастады.
Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде 2025 жылдың ішінде:
• 908 жалпы практика дәрігерін,
•1327 орта медициналық буын өкілін жалпы білім берумен қамту жоспарлануда.
Бұл бастаманы іске асыру медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының кәсіби деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға маңызды қадам болады.
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына мойнынан төмен қарай қимыл мен сезімталдықтың толық бұзылуымен, ауыр жарақат алған пациент - Малайзия азаматы шұғыл түсті. Диагноз: тетраплегия. Қабылдау бөлмесінен ол дереу реанимацияға жіберілді, содан кейін шұғыл операция жасалды.
Оның себебі қайтымсыз салдарға әкелуіі мүмкін С3–С4 деңгейіндегі омыртқааралық жарықтың жарақаттан кейінгі пролапсы болды.
Марат Алматовтың жетекшілігімен нейрохирургиялық бригада күрделі операция жасады.
Араласудан кейінгі алғашқы күні пациенттің сезімталдығы қалпына келе бастады, ал оныншы күні ол өздігінен жүре бастады.
Осындай жарақаттары бар пациенттердің 95%-ы өмір бойы төсек тартып қалады.
Бұл жағдай шынымен бақытты жағда болды және нейрохирургтардың, реаниматологтардың, анестезиологтардың және барлық медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігінің нәтижесі.
Алматыға сапар шегіп жүрген Малайзия азаматы Шымбұлақтағы тауларда демалып жүріп, басымен мұзға өте жайсыз құлады.
«Құлағаннан кейін мен қолдарым мен аяқтарымды сезбедім, мүлдем сал болып қалдым. Мен тек әйелімді шақыруға ғана мұрсам келді. Жедел жәрдем шақырдық. Мен енді ешқашан тұрмайтын шығармын деп ойладым», - дейді зардап шеккен шетелдік.
Оның айтуынша, ол операцияға дейін мүлдем қозғала алмаған. Бірақ операциядан кейінгі бірінші күннің соңында ол қолын қимылдатып, содан кейін қозғала бастаған.
«Доктор Марат Алматовқа ерекше алғысымды білдіргім келеді - ол әрбір маман мұқият, позитивті және білікті керемет команда жинады. Бұл менің қалпына келуімнің басты негізінің бірі болды. Қазақстандық медицина көптеген басқа елдерден жоғары - бұл менің пікірім. Сіздердің қолдарыңыз алтын. Жаңадан өмір сүруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет айтам», - деп білдірді Малайзия азаматы біздің дәрігерлерге осындай шынайы алғыс сөздерін.
Сауығып кеткеннен кейін пациент Малайзияға оралды. Онда оны жергілікті мамандар зерттеп-қарап, жоғары бағалады.
Алматыда Қазақстан медицинасының тарихында алғаш рет шала туылған нәрестелерге ерте бастан витрэктомия жасау – сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операция бойынша халықаралық шеберлік сыныбы өтті.
👏Бұл хирургиялық тәжірибенің төрт күні ғана емес еді – осы төрт күннің ішінде шын мәнінде жанарлар, жарық әлем мен болашақ құтқарылды. Өйткені сәби шақтан көру қабілетінен айрылып қалу – тек медициналық диагноз емес. Бұл – әлемнен, гүлдерден, ананың жүзінен, нұрға жанасудан, қозғалуға қорықпаудан, үйрену, ойнау, армандау мүмкіндіктерінен де айырылу деген сөз. Соқырлық – бұл бүкіл тіршілігіңді қараңғылыққа көметін түпсіз тыныштық. Бірақ, егер дер кезінде үлгерсеңіз – осы тыныштықты тоқтатуға болады.
Шеберлік дәрісі Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында (Алматы қ.) шала туылған нәрестелер ретинопатиясының ауыр түрлерін емдеуге маманданған әлемге әйгілі үнді офтальмологиялық хирургы, доктор Нихил Палдың қатысуымен өтті. Төрт күн ішінде оның жетекшілігімен дәрігерлер бригадасы Қазақстанның 12 облысынан келген 14 балаға 20 ота жасады. Ең кішкентай науқастың жасы небәрі – 2,5 айлық.
Шеберлік дәрісінің өзекті тақырыбы балалар офтальмологиясындағы ең күрделі де қорқынышты диагноздардың бірі: шала туғандардың ретинопатиясы (РН) болды.
❕Дүниежүзінде көз торының осынау ауруы жаңа туған нәрестелерді соқырлыққа душар ететін негізгі себептерінің бірі. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан астам шала туған нәресте дүниеге келсе, олардың 4 мыңға жуығы ретинопатия қаупімен бетпе бет келеді.
«Соңғы жылдары ретинопатия Қазақстанда сәбилер соқырлығының нағыз індетіне айналды. Бұл күн сайын емес, сағаттап өршитін ауру. Егер кешіктірсеңіз, бала анасының жүзін ешқашан көрмей өтуі мүмкін», - дейді еліміздің жетекші балалар офтальмологы Әсел Шәріпова.
Соңғы 10 жылда осы мәселеде Қазақстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді: ерте диагностикалық хаттамалар енгізілді, 40-тан астам офтальмолог оқытылды, аймақтық бригадалар құрылды. Бірақ, осы уақытқа дейін ауыр, терминалды кезеңдерде балаларды емдету үшін шетелге баруға мәжбүр болды, өйткені елімізде ең күрделі витрэктомия отасы жасалмайтын.
Бұрын балалар көру қабілетін қайтару үшін осындай күрделі араласулар жасау үшін шетелге жіберілетін.
👉Ендігі жерде, шеберлік сабағының арқасында мұндай көмек Қазақстанда да қолжетімді болып отыр. Бұл тек технологиялық серпіліс қана емес, сонымен қатар ең кішкентай пациенттерге көмек көрсетудің жаңа дәуірі – олардың емделуі үшін шекара асуға тәуелділіктен арылу кезеңі.
Осынау ұмтылыстарда операциялар жасалған Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының операциялық бөлімшесінің жабдықтары ерекше рөл атқарды.
AYALA қорының «Әлемді көремін» жобасын қолдаған Chevron компаниясының арқасында мұнда заманауи Constellation лазерлік хирургиялық жабдығы пайда болды, оған қоса бұл ерте витреоретинальды хирургия үшін де осындай күрделі отаны жүргізудің қажетті шарты болатын. Бір жағынан бұл нақты құтқару жүйелерін құруда әртүрлі Қорлардың бірлескен күш-жігері қалай көмектесетінінің жарқын үлгісі.
Шеберлік дәрісі аясында Астана, Шымкент және Алматы қалаларынан 10 отандық дәрігер біліктілігін арттырғаны маңызды екендігін атап өткен жөн.
Бұл ұзақ мерзімді келешекте тұрақты кәсіби базаны қалыптастыруға және ел ішінде жоғары технологиялық офтальмологиялық хирургияның мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді – осылайша мұндай көмек шетелге бармай-ақ, осы жерде, үйде де қолжетімді болып отыр.
✔️Операциялардан бөлек, мамандар офтальмологиялық көмек жүйесін дамыту, қазақстандық дәрігерлерді оқыту мәселелерін, сондай-ақ балалар офтальмологиясы мен медициналық туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық келешегін де талқылады.
🤝Бүгін Қазақстан технологиялық тәуелсіздік тұрғысындағы ғана емес, елдегі әрбір баланың көзі көріп, балалық шағына, жарық әлемге жолдама беретін қадамын бастады.
Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауылының 59 жастағы тұрғыны таңертең өзін нашар сезініп, қатты басы ауырып, құсу және есінен тану белгілері байқалған.
Туыстары дереу жедел жәрдем шақырды. Шақыртылған жедел медициналық көмек бригадасы оның қан қысымының тым жоғары екенін анықтады. Пациент жағдайының ауырлығына байланысты ол санитариялық авиация арқылы шұғыл түрде Кардиоорталықтың қабылдау бөліміне жеткізілді.
Ауруханада мидың КТ жүргізіліп, субарахноидалді қан құйылғаны және мидың маңдай бөлігі аймағында үлкен аралық гематоманың пайда болғаны анықталды. Жедел түрде нейрохирургтің кеңесімен 3D реконструкциясы бар ангиография жасау туралы шешім қабылданды.
Зерттеу кезінде алдыңғы біріктіруші артерияда кең негізді, екі қосымша дивертикулы бар жарылған қапшық тәрізді аневризма анықталды. Аневризманың күмбезі ішкі медиалды бағытта орналасқан. Сонымен қатар, екі ішкі ұйқы артериясында иіліс (кинкинг) байқалды, алайда алдыңғы біріктіруші артерия қалыпты жұмыс істеп тұрды.
Өмірлік көрсетілімдері бойынша рентгенэндоваскулярлық операция жасалды – аневризма арнайы микрокатушкалармен (микроспиралдармен) толық эмболизацияланды. Операция сәтті өтті, аневризманың бүкіл қуысы сенімді түрде жабылды.
Пациенттің жағдайы ауыр күйде қалып, 9 күн бойы реанимация бөлімшесінде қарқынды ем алды.
Жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол әрі қарай ем қабылдау үшін неврология бөлімшесіне ауыстырылып, кейін денсаулығы жақсарған күйде үйіне шығарылды.Осындай патологиялар кезінде өлім деңгейі, әсіресе аурудың жіті және ерте кезеңдерінде 50%-ға дейін жетеді. Алайда жедел жәрдем бригадасының уақтылы әрекеті, санитариялық авиациямен жедел жеткізу және Кардиоорталық мамандарының кәсіби жұмысы пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Пациентке көрсетілген барлық медициналық көмек әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде тегін көрсетілді.