
2020 жылдың 28 ақпанында сағат 14.30 Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін кеңейтілген алқа отырысын өткізеді. Жиынға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, облыс пен қала әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, "Нұр Отан" ХДП, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ведомстволар, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, аумақтық бөлімшелердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысады.
Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылы атқарған қызметінің нәтижелері мен 2020 жылға арналған міндеттері, сондай-ақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жөніндегі шаралар талқыланады.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан, Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4.
Іс-шараның басталуы: сағ 14.30