Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 iшілдегі баяндамасы

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Құрметті әріптестер!

2-слайд

Мүгедектік халық денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі,  әлеуметтік және емдеу-алдын алу іс-шараларының сапасы мен тиімділігінің индикаторы болады. Мүгедектік  проблемалары медициналық, әлеуметтік және кәсіптік салаларға әсер ететін ведомствоаралық сипатқа ие. Мүгедек адамдардың саны созылмалы ауруларға және халықтың қартаюына байланысты өсуде.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектердің жалпы  саны 700 мыңға жуық адамды (696 825 адам), оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 98,2 мың адамды құрайтыны атап өтілген болатын (балалардың жалпы санының 2% - ға жуығын құрайды, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әлемде мүгедектігі бар балалар бар-жоғы 2-3% құрайды).

Аурулар салдарынан болатын  жалпы мүгедектік құрылымында бірінші орында 18% психикалық аурулар, 15% жүрек қан айналым жүйесі ауруларынан және 12% барлық әртүрлі жарақаттан болған мүгедектік жағдайлары орын алып отыр.

Балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің  31% - бұл туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық ауытқулар (4078 бала), 22% - нерв жүйесінің аурулары (2897 бала, эпилепсия, балалардың церебральды сал ауруы, туа біткен бұлшықет дистрофиясы, мидың нейродегенеративті аурулары және т. б), 17% - психикалық бұзылулар және мінез-құлықтық бұзылулар (2231 бала, аутизм, аутизм спектрінің бұзылуы, психикалық дамуының тежелуі, сөйлеуінің бұзылуы, мінез-құлықтық бұзылулар, ақыл-ой кемістігі және т. б.). 2021 жылы алғаш рет 13 131 балаға мүгедектік белгіленген.

3-слайд

Аурулардың профилактикасы, мүгедектікті ерте анықтау және оны төмендету мақсатында жыл сайын алғашқы медициналық-санитариялық көмек  деңгейінде ересек тұрғындар мен балалардың нысаналы тобына скрининг жүргізіледі. Ересек адамдар арасында  жүрек-қантамыр жүйесі, қант диабеті, глаукома және онкопатология (жатыр мойны обыры, сүт безі обыры және колоректальды қатерлі ісік) ауруларын ерте анықтауға тексеріледі және
2021 жылдың қорытындысы бойынша скринингпен 12,2 млн.адам (89%) қамтылды. Скрининг кезінде анықталған аурулардың 49% - ы динамикалық бақылауға алынды.

Еңгізілген ауруларды пациентпен бірігіп басқару бағдарламасына созылмалы инфекциялық емес аурулары бар динамикалық бақылауда тұрған 1,1 млн.астам (57,4%) пациент қатысады (2 млн. жуық пациент). Оның ішінде  артериялық гипертензиясы бар пациенттердің 65 пайызының артериялық қысымы  қалыпты болып, қант диабеті бар пациенттердің 28,2 пайызының гликолизденген гемоглобин түсіп, созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттердің 47,5 пайызы айтылған бағдарламасына қатысады.

Амбулаториялық деңгейде динамикалық бақылаудағы пациенттер тегін медициналық көмектің  шеңберінде 46 нозология бойынша дәрілердің 306 атауымен тегін қамтамасыз етіледі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  ересектер 27 нозология бойынша дәрілердің  83 атауын, балалар 52 нозология бойынша дәрілердің  182 атауын тегін алады (барлығы – 125 нозология қамтылған).

  Мүгедектікке әкелетін жіті жағдайларды (ми қан айналымының  жіті бұзылуы және  жіті миокард инфаркті) елімізде медициналық көмек көрсететін
71 инсульт орталығы (42 687 пациент сауығып шықты) және 39 тері аралық коронарлық араласу (ЧКВ) орталықтары (41 517 пациент сауығып шықты) ем көрсетеді. Жарақаттар кезінде «алтын сағат» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында шуғыл медициналық көмек және медициналық авиация қызметі дамыған.

Балалардың ауруларын ерте диагностикалау мақсатында елімізде тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды, есту патологиясын, психофизикалық дамудағы ауытқуларды, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтауға бағытталған жаңа туған нәрестелер мен жас балаларға арналған скринингтік бағдарлама жүзеге асырылуда.

Ерте жаста ретинопатияға офтальмологиялық скринингпен 6 532 (88,2%) шала туған балалар қамтылды (дене салмағы төмен және өте төмен (500-900 гр.), оның ішінде көрсетілімдер бойынша шала туған 273 (29,4%)  нәрестеге операция жасалды.

2022 жылдың наурыз айынан бастап аутизмге скринингтік тест жүргізу және өткен жылдан бастап есту қабілетін зерттеудің жаңа әдісі (қысқа латентті есту қабілетінен туындайтын  әлеуеті (КСВП)) енгізілді, бұл әдіс  есту қабілетінің зақымданған жерін дәл  көрсетіп анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа туған нәрестелердегі зат алмасу ауруларының бұзылуын селективті скрининг бойынша  анықтау пилоттық жобасы іске асырылуда.

Сонымен қатар баланы дамыту кабиенттерінің санын 1500-ге дейін және катамнез кабинеттерін 50-ге дейін ұлғайту, орфандық және ауыр сырқатты 5000 балаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарланған,           балаларды профилактикалық қарап-тексеру қызметтері кеңейтілуде, мектеп медицинасы жетілдірілуде.

Осылайша, іске асырылып жатқан іс-шаралар балалардың мүгедектігін ерте анықтауды және оның алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.     

4-слайд

Соңғы жылдары организмнің жұмысқа қабілеті әлсіз функцияларын қалпына келтіруге және мүгедектіктің алдын алуға бағытталған медициналық оңалту бейіні, яғни медициналық реабилитация белсенді дамуда.

 637 жуық  Денсаулық сақтау ұйымы медициналық оңалту көмегін көрсетеді, оның ішінде 380 мемлекеттік ұйым, ал   257-сі жеке ұйым, оның ішінде 76-сы оңалту орталықтары (40 балалар орталықтары, 4-уі республикалық деңгейдегі орталық).

«Қамқорлық» бастамасы аясында осы жылы  балаларға арналған 8 оңалту орталығы, 2 ерте араласу орталығы ашылды және жыл соңына дейін 17 ерте араласу орталығын ашу жоспарлану

Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту төсектерімен қамтамасыз ету 62% - ды құрайды, жыл сайын балаларға арналған қалпына келтіру емі төсектері санының өскені байқалады (шамамен 2 есеге).

 Анықтама: 2019 жылдан бастап төсек – орын қоры 7 275 төсектен (ересектер - 4175, балалар – 3100), 2020 жылы – 11 249 (ересектер - 7373, балалар – 3876) 2021 жылы 12 354 (ересектер - 8129, балалар-4225) орынға дейін кеңейтілді.

 

             Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі енгізілгеннен бері  медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7,2 есеге ұлғайды (2019 жылы – 6,7 млрд.теңге) және 2021 жылы 48,6 млрд. теңге құрады, ал 2022 жылға 74,6 млрд. теңге көзделген, оның ішінде балаларды оңалтуға  11,4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді,  яғни 27% - ға көбейді.

 

5-слайд

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Мәселен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске Денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедек адамдарға кезектен тыс қызмет көрсету, оңалту орталықтарын ашу бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың құзыреті бойынша нормалар енгізілді, даму кемістігі бар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жіберу регламенттелді, балаларды үйде оқытуға арналған аурулардың тізбесі бекітілді.

 Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың тіркелімін құру, аутизмі бар балаларды күту бойынша ата-аналарды оқыту (ДДҰ бейімделген бағдарламасы бойынша), жұмыс істеудің халықаралық сыныптамасын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, сырттай куәландыру бойынша пилоттық жоба жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады және бүкіл ел бойынша енгізілетін болады.

6-слайд

Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы қабылданды, оның шеңберінде қолжетімді және сапалы медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, профилактикалық, оның ішінде ауыл халқы үшін қарап-тексеру мен скринингтерді жүргізу және кеңейту, психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау қызметтерін көрсету үшін жастар денсаулық орталықтарының қолжетімділігі жөніндегі шаралар іске асырылады (166 жастар орталығына ағымдағы жылы шамамен 1,7 млрд.теңге көзделген).

Сондай-ақ саламатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь, темекі өнімдерін тұтынуды қысқарту, инфекциялық және  инфекциялық емес ауруларды төмендету, жарақаттанудың алдын алу және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін 40% - ға дейін, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, инфекциялық емес ауруларды 7% - ға дейін төмендету, медициналық оңалту қызметтерімен 75% - ға дейін қамту күтіледі.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
05 июля 2022
Дата обновления
05 июля 2022
Тип
Доклад

Сейчас читают

21 июля 2025
Жизненные ситуации
09 июня 2025
Новые инициативы по цифровизации здравоохранения
Полезная информация
16 мая 2025
Информация по итогам деятельности Министерства здравоохранения Республики Казахстан за 2024 год

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации