Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният 2023 жылғы 10 қаңтардағы қорытынды алқа отырысында баяндамасы

Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Құрметті Депутаттар!

Құрметті әріптестер және Алқа отырысына қатысушылар!

 

2-слайд

Медициналық-демографиялық көрсеткіштер

Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін біз өткен жылы кешенді жұмыс жүргіздік.

Бұл тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды.

Жыл қорытындысының наурыз айында шығуына байланысты, 2022 жылдың он бір айында халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға (29,7%), оның ішінде қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің шамамен 34%-ға (33,7%), обырдың – 8%-ға (8,3%), тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім -1,7 есе, ал туберкулезден болатын өлім-жітімнің 12,5%-ға төмендегені байқалады.

Ана өлімі 3 есеге елеулі төмендеді (2021 жылы – 185 жағдай, 2022 жыл-57 жағдай), ал ағымдағы жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейінде 3%-ға түсті. Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығының артқаны сөзсіз.

Жылдық ресми статистика қорытындысы бойынша өңірлердің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері Министрліктің келесі алқасында қаралатын болады.

 

3-слайд

Мемлекет басшысының тапсырмалары

Осы жылдан бастап Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды платформасын жүзеге асыруды бастады.

Сайлауалды платформада денсаулық сақтау саласының алдында басым міндеттер айқындалды: саланы қаржыландыруды жетілдіру, әсіресе ауылдық медицинаны, онкологиялық қызметті, сондай-ақ босандыру және педиатрия қызметін жаңғырту, денсаулық сақтауды цифрландыруды дамыту және саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту болып табылады.

2022 жылы біздің жұмысымыз Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыруға бағытталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау шеңберінде өткен жылы Министрлік 17 өңірлердің 5 мыңнан астам тұрғынымен кездесулер, жеке қабылдау, брифингтер өткізгенін атап өткен жөн.

Халық өзекті мәселелерді  еркін көтеріп, аталған проблемалар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

4-слайд

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК)

Медициналық санитариялық алғашқы көмек - бұл халыққа барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған негізгі қызмет.

Сектордағы негізгі проблемалар нашар материалдық-техникалық жабдықтау, ғимараттардың тозуы және медицина кадрларымен жеткіліксіздігі және емханалардағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы болып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде біз медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдап, жүзеге асырудамыз.

Осы жоспар аясында келесі жұмыстар жасалынды:

- көмек көрсету ережесінің және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді,

- медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету стандарттарының жобасы дайындалды, жалпы практикалық дәрігерлердің жүктемелері төмендеді (1838),

- денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді,

- ауыл тұрғындарының скринингтік тексеруден өту тәсілдері қайта қарастырылды.

Анықтама:

Елде 5 мыңнан астам (5 695) медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымы жұмыс істейді (501 - ауылда, 5 194-қалада).

2022 жылы қосымша 9 қалалық емханалар мен амбулаториялар пайдалануға берілді.

Анықтама:

Қарағанды облысы – 3 емхана;

Маңғыстау облысы – 3 (ДА – 1, МСАК орталығы - 2);

Түркістан облысы – 1 емхана;

Астана қаласы – 2 дәрігерлік амбулатория.

Азаматтардың тілектерін ескере отырып, учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз 9 бағыт бойынша консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету енгізілді.

Сонымен қатар, өткен жылы онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда зерттеп-қарау мен емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» тәсілі енгізілгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі кеңейтілді, уәкілетті орган бекітетін тізбедегі аурулар 50-ден 181-ге дейін ұлғайды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 3,8 млн. адамнан астам халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтылуы 54 % -ға артты.

Өткен жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекет үшін) халыққа озық практикалар көрсету бойынша әлемдегі бірінші  медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету алаңы ашылғанын атап өткен жөн. Бұл алаңда ТМД (Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікістан Республикасының) елдерінің өкілдері, денсаулық сақтау басқарма басшыларының орынбасарлары және 9 өңірдің медициналық қызметкерлері оқудан өтті. (Түркістан , Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Астана қаласы).

Осы 2023 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жаңарады. Жалпы практикалық дәрігердің рөлі артады.

Анықтама:

  • пациенттерді қолдау қызметі,
  • ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс тетігі,
  • инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау,
  • ауруларды басқару бағдарламалары,
  • дұрыс тамақтануды, өмір салтын үйрету,
  • әмбебап прогрессивті патронаж моделі,
  • отбасыны жоспарлау,
  • ерлердің денсаулығын жақсарту,
  • баланы дамыту кабинеті.

Оның ішінде, біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған медициналық-санитариялық алғашқы көмектің пациентке бағдарланған озық практикалары республика бойынша енгізіледі.

Бұдан басқа, биыл халық талап ететін медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

Психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жастар орталықтарының қызметтерімен шамамен 1 млн. жас қамтылатын болады.

Жазасын өтеп жатқан адамдарды медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін қылмыстық-атқару мекемелерінде арнайы учаскелер құрылып, «түрме» медицинасы дамиды.

Биылғы жылы жалпы практика дәрігерлерін ынталандыру мақсатында жан басына шаққандағы жиынтық нормативінің ынталандырушы компонентін қайта қараймыз.

Анықтама:

Ауруларды басқару бағдарламасына тартылған пациенттерді динамикалық бақылаумен қамту 2023 жылы 9,7%-ға ұлғайып, 1,3 млн. адамды құрайды (2022 жылы – 1 млн. 174 мың адам).

5-слайд

Ауылдық денсаулық сақтау

Былтыр жылдың басында ауылдық медицинаның ақсап тұрғанын айтқан болатынмын.

Ауыл халқына медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 2022 жылы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды.

50 адамға дейінгі ауылдарда медициналық көмекті мейіргер үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайды (ҚР ДСМ 2022 жылғы 30 маусымдағы № 59 бұйрығы), фельдшерлік-акушерлік пунктер ашылуда.

Былтыр, ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өткен жылы 107 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі (дәрігерлік амбулатория – 22, медициналық пункт – 67, фельдшерлік-акушерлік пункт – 12, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы – 3, емханалар – 3) пайдалануға берілді.

Жету қиын ауылдық елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық емханалар кеңінен пайдаланылды (2021 жылы 149 жылжымалы медициналық кешен 1,8 млн.ауыл тұрғынын қамтыды, 2022 жылдың 11 айында 1,7 млн. ауыл тұрғыны қамтылды).

Өткен жылы 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы қайта іске қосылды, олар 147 станцияны қамтыды, 77 мыңнан астам ауыл тұрғынына (оның ішінде 20,5 мың балаға) медициналық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, 2022 жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді.

Бүгінгі таңда зерттеліп-қаралған 838 мың ауыл тұрғынынан 29 мыңға жуық адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері анықталды.

Аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен қамтамасыз ету - 84%-ға дейін (жоспар - 74%) жеткізілгенін атап өткен жөн.

Былтыр, ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Заңға өзгеріс енгізіп, медициналық ұйымдардың базасында қосымша 72 дәріхана пункті және ауылда 161 жеке дәріхана ашу қамтамасыз етілді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің (2022 жылғы 30 қарашадағы) қаулысымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілгенін атап өткім келеді.

Биыл 2023 жылы ұлттық жобаның шеңберінде:

- 309 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу (оның ішінде медициналық пункт-131, фельдшерлік-акушериялық пункт – 99, дәрігерлік амбулатория-79);

- «Алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ ірі қалаларға барудың қажеттілігінсіз, оның ішінде телемедицина және басқа да мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын 12 ауданаралық аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу және реконструкция жүргізу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, ұлттық жобада аудандық мекемелерді 575 заманауи медициналық жабдық бірлігімен жабдықтау көзделген және 307 медицина қызметкері, оның ішінде 54 жалпы практика дәрігері, 253 орта медицина қызметкері даярланады.

Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2023 жылы мамандандырылған медициналық көмекпен қосымша 2,4 млн. астам ауыл тұрғыны қамтамасыз етілетін болады.

 

6-слайд

СМП и ВТМП

Принимая во внимание нарекания населения о качестве стационарной помощи и вынужденном выезде за рубеж для получения высокотехнологичного лечения, в Казахстане проводится работа по совершенствованию стационарной и стационарозамещающей медицинской помощи.

Для обеспечения доступности специализированной кардиохирургической и кардиологической помощи утверждена и реализуется Дорожная карта по совершенствованию оказания медицинской помощи при болезнях системы кровообращения в РК на 2022 – 2023 годы (в рамках которой проводится разработка нормативных правовых актов, организационная и консультативная работа в регионах, организация медицинской помощи при хронической сердечной недостаточности на амбулаторном и стационарном уровнях, повышение кадрового потенциала).

Так, по итогам 2022 года в рамках реализации Дорожной карты на постоянной основе проводится мониторинг и анализ оснащенности, покрытия дефицита медицинской техникой в медицинских организациях всех уровней оказания медицинской помощи при остром коронарном синдроме и инфаркте миокарда, кадрового дефицита, а также деятельности центров ЧКВ.

Определены координаторы Дорожной карты в регионах, полностью картографирован процесс взаимодействия по уровням и разработаны маршруты движения пациентов от ФАП, СВА, ЦРБ, ГБ до ЧКВ центра, обеспечено проведение диагностики (NT‑proBNP) для определения сердечной недостаточности у пациентов с ХСН (не доступно в 3 регионах (ВКО, Костанайской, Мангистауской)), обеспечен учет пациентов с ХСН.

Открыто 171 кабинетов для пациентов с диагнозом ХСН в областных/городских организациях ПМСП в регионах.

В результате проводимой работы в республике смертность от БСК снизилась на 32,2 %, в том числе от гипертонической болезни на 36 %, ИБС на 42%                                  (от стенокардии на 62,8%, острого инфаркта миокарда на 23,5%), инсультов на 29,4%.

В республике действуют 75 инсультных центра, 4 из которых открыты в 2022 году (до 2015г. было 36 ИЦ), 41 центров чрескожного коронарного вмешательства для оказания помощи больным с острым коронарным синдромом, только за 2022 г. открыто 3 Центра ЧКВ 2 уровня (гг. Астана, Шымкент и Туркестан).

Справочно:

За 11 месяцев 2022 года инсультными центрами было пролечено 39 тыс 620 пациентов с ОНМК, что на 498 пациентов  или на 1,2% больше, чем в прошлом году.

Следует отметить, что в Казахстане ряд направлений медицины уже успешно конкурируют на международном уровне.

Так, в нашей стране обеспечена доступность населению по 80 видам высокотехнологичной медицинской помощи.

Справочно:

При этом, за 11 месяцев 2022 года оказано 19 тыс.  528 услуг ВТМП (11 мес. 2021 года – 17 102 услуги).

Так, за 11 месяцев 2022 года было осуществлено                         209 трансплантаций органов (162 почки, 40 печень, 4 сердце,                        3 легкое), что на 22% больше в сравнении с аналогичным периодом 2021 года (171 трансплантаций органов).

В стране растет доступность высокоспециализированного лечения для онкологических пациентов, такими технологиями, как: Гамма-нож, радионуклидная терапия, томотерапия.

В 2023 году рамках реализации предвыборной Платформы Президента Республики Казахстан планируется начать комплексную модернизацию онкологической службы (в рамках которой предусмотрено: модернизация имеющегося диагностического оборудования, организация центров ядерной медицины; развитие малоинвазивной хирургии и интервенционных методов лечения, повышение доступности к новейшим противоопухолевым лекарственным средствам, создание современных онкологических центров; расширение сети мобильных бригад для онкологических пациентов, увеличение коечного фонда хосписов, паллиативных центров и отделений; обеспечение повышения квалификации и подготовка высокоспециализированных кадров по взрослой и детской онкологии; закуп 17 линейных ускорителей).  

Подробнее расскажет главный онколог страны.

Также, нами для совершенствования специализированной и высокотехнологической медицинской помощи населению предусмотрены мероприятия по пересмотру более 250 протоколов лечения и диагностики заболеваний (сердечно-сосудистой системы, онкологических заболеваний и т.д., что позволит максимально приблизить тактику лечения больных к международным, общепризнанным стандартам).

Кроме того, для обеспечения доступности медицинской помощи населению в этом году предусмотрено строительство 8 объектов здравоохранения в регионах.

Справочно:

1) ЦРБ на 150 коек в Мунайлинском районе Мангистауской области;

2) поликлиники на 250 посещений в смену в Костанайском районе Костанайской области;

3-4) две поликлиники по 250 посещений в смену в Алматинской области (с.Нарынкол Райымбекского района, с.Узынагаш Жамбылского района);

5) поликлиники на 250 посещений в смену в с. Сарыозек Кербулакского района области Жетісу;

6) областного центра крови г.Кызылорда;

7) многопрофильной больницы на 300 коек с поликлиникой на 100 посещений в смену в городе Кызылорда;

8) реконструкция КГП на ПХВ «Павлодарская городская больница №1» в г. Павлодар.

А также сдача в эксплуатацию в городе Астана – Национального центра экстренной медицины, и в городе Алматы – Национального научного центра инфекционных болезней.

В 2023 году планируется начать строительство многопрофильной больницы на 630 коек в городе Кокшетау.

7-слайд

Ана мен бала денсаулығын сақтау

Мемлекет басшысы Ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударады.

2022 жылды Қазақстан Республикасының Президенті «Балалар жылы» деп жариялады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав Юрьевич қазіргі жағдай және босандыру мен балалар  қызметін дамыту перспективалары туралы толығырақ баяндайды.

 

8-слайд

Кадрлық қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта республикада денсаулық сақтаудың кадр ресурстарына қажеттілік 7,7 мыңнан астам (7 740)  штат бірлігін, оның ішінде дәрігерлер шамамен 3,9 мың (3 948,75) маман, орта медицина қызметкерлері шамамен 3,8 мың (орта медицина қызметкерлері – 3 791,25) маман құрайды.

Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша 2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4700 білім беру гранты, оның ішінде 1500 резидентура гранты бөлінді.

Анықтама:

Жас мамандарды сапалы, білікті даярлауды қамтамасыз ету үшін 21 кәсіби стандарт әзірленді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Парламент Мәжілісінің қарауына медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және мәртебесін арттыру жөніндегі заң жобасы әзірленіп, енгізілді, оны депутаттар бірінші оқылымда мақұлдағанын білесіздер, жұмыс жалғасуда.

Медицина қызметкерлерінің табысын арттыру мақсатында 2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға ұлғайтылды (416 мың теңге), орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 20%-ға ұлғайтылды (208 мың теңге), биыл қаржылық қолдау жалғасатын болады.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы республикалық бюджет қаражатының есебінен 4200 дәрігер, оның ішінде 138-і шетелде, сондай-ақ 2650 орта медицина қызметкері оқытылды. Денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қосымша 15 мыңнан астам дәрігер, оның ішінде 209шетелде, сондай-ақ 29 мыңнан астам орта медицина персоналы оқытылды).

Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауылдағы дәрігерлерге қажеттілік 12%-ға төмендеді, ал Республикада жалпы қажеттілік 26%-ды құрады.

Анықтама: барлығы 4137 түлек бөлінуге тиіс; 2281 түлек жұмыс істеуден босатылды (жүктілік және босану, 3 жасқа дейінгі бала күтімі, оқуды жалғастыру бойынша), 1809 (бакалавр -77; интерндер -  838; резиденттер – 729, магистрлер – 64, докторанттар – 101) жұмысқа орналастырылды, тиісті жерге жетпегендер - 47.

2023 жылы Заң қабылданғаннан кейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу басталады. Бұл шаралар пациенттердің құқықтарын қорғауды, медицина қызметкерлерін заңмен қорғауды қамтамасыз етуге, медициналық мамандықтың беделі мен оған деген құрметті арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақты денсаулық сақтау саласына тартуға арналған.

Анықтама:

Сонымен қатар, биыл біз қосымша 36 кәсіби стандартты әзірлеп, өзектендіруді жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, дәрігерлердің орташа жалақысын 30% - ға арттыру жалғасады, ол 2023 жылы 531 мың теңгені, орта медицина қызметкерлеріне 20%-ға артыру жалғасады, ол 250 мың теңгеге дейін құрайды.

Сонымен қатар, биылғы жылы республикалық бюджет қаражатының есебінен 4 мың 200-ге жуық дәрігерді, оның ішінде 100-ге жуығы шетелде, сондай-ақ 2 мың 650-ге жуық орта медицина қызметкерін оқыту жоспарлануда.

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 2,5 мыңға жуық дәрігерді, оның ішінде 43-ке жуық адамды шетелде, сондай-ақ 9 мыңнан астам мейіргерді оқыту жоспарлануда.

Сондай-ақ, биыл Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 70%-ға ұлғайтып, оларды 2,5 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда.

Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін 270 мыңнан астам медицина қызметкері заңмен қорғалатын болады.

 

9-слайд

Лекарственное обеспечение

Министерством проводится работа по совершенствованию лекарственного обеспечения и развития отечественного фармацевтического производства.

В связи с чем, разработаны изменения по упрощению условий заключения оффтейк контрактов, которые проработаны с экспертами иностранных компаний. Изменения позволят практически реализовать заключение договоров с заказчиками контрактного производства, оптимизировать доступ на рынок Казахстана оригинальных препаратов для обеспечения населения.

В рамках реализации поручений Главы государства нами начаты централизованный закуп медицинской техники. В 2022 году закуплено и распределено в регионы 177 единиц медицинской техники, на общую сумму более 20 млрд. тенге. При этом экономия по процедурам государственных закупок составила 3,1 млрд. тенге.

Наряду с этим, в прошлом году по результатам государственных закупок лекарственных средств и медицинских изделий экономия средств Республиканского бюджета составила 22,2 млрд. тенге.

С 2023 года нами планируется осуществлять закуп медицинской техники с расширенным сроком сервисного обслуживания, поставка медицинской техники будет осуществляться при условии предоставления сервисного обслуживания компаниями-поставщиками на весь жизненный цикл МТ.

В этом году, начнет активно внедряться механизм контрактного производства лекарств за счет локализации выпуска оригинальных иностранных препаратов на территории Казахстана.

Кроме того, в рамках исполнения Предвыборной платформы по увеличению доли отечественного производства на фармацевтическом рынке до 50% к 2025 году будет продолжена работа с «Big Рharma» (всего в настоящее время подписано уже 6 меморандумов – РОШ, Фрезениус, Атабай, Нобель, Новартис, Ново Нордиск).

В результате реализации вышеуказанных мероприятий оснащенность организаций здравоохранения оборудованием и медицинской техникой составит – 90% (доля закупа лекарственных средств и медицинских изделий с местным содержанием в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования составит – 36%).

 

10-слайд

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске асырылуда.

Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде консультациялық диагностикалық қызметтерді қайта тұтыну бойынша медициналық ұйымдар тарапынан бақылаудың болмауы, ТМККК және МӘМС пакеттерін жасанды бөлу сияқты бірқатар проблемалар бар.

Анықтама:

3 жылдың ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.

2022 жылғы 1 қаңтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған адамдардың саны 15,5 млн.адамды немесе халықтың 81,3%-ын құрады. Өткен жылдың ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тағы 700 мыңнан астам адам тартылды және сақтандырылғандардың саны 16,2 млн. немесе халықтың 83,2%-ын құрады.

Анықтама:

Өткен жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру активтерінің 900 млрд. теңгесі бағытталды.

2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қаржыландыру 25%-ға өсті.

Қосымша қаржы бұрын қаржыландыру тапшылығын бастан өткерген бағыттарды дамытуға бағытталған, сонымен профилактикалық тексерулерді қаржыландыру көлемі 2 есеге, медициналық консультациялық-диагностикалық қызметтер мен оңалту 1,5 есеге, стационарлық көмек 1,2 есеге, жоғары технологиялық медициналық көмек 2,2 есеге ұлғайды. Сонымен қатар, жедел жәрдем, онкология, босандыру қызметтерінің, кератопластика, онко-оңалту, ингаляциялық наркоздің тарифі көтерілді.

Азаматтарды ынталандыру үшін біз былтыр өткен кезеңдегі берешекті бір мезгілде есептен шығара отырып, 12 ай бұрын жарналарды төлеу жолымен дербес төлеушілер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кірудің баламалы тетігін енгіздік.

Анықтама:

2022 жылы жедел медициналық жәрдем, босандыру, онкологиялық бейін бойынша қолданыстағы тарифтер ұлғаю жағына қарай қайта қаралды, сондай-ақ жаңа медициналық қызметтерге (ингаляциялық наркоз, сурдологиялық қызметтер және т.б.) тарифтер әзірленді.

Сонымен қатар, өткен жылы біз кәсіпкерлік субъектілері үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргіздік.

Іске асырылған іс-шаралардың нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне түсімдерді 1,0 трлн-ға дейін, сондай-ақ 2021 жылмен салыстырғанда көрсетілетін медициналық қызметтерді: позитрондық-эмиссиялық томографпен диагностикалауды 2 есе, онкогематологиялық көмекті 57%-ға, консультациялық-диагностикалық қызметтерді  30%-ға, ауылдағы мамандандырылған медициналық көмекті 26%-ға, мамандандырылған медициналық көмек пен стационарды алмастыратын көмекті 13%-ға ұлғайту қамтамасыз етілді.

Медициналық қызмет көрсетушілердің саны 2021 жылмен салыстырғанда (1390) 1,3%-ға ұлғайды және ең алдымен жеке дныңенсаулық сақтау ұйымдарының есебінен  1409 жеткізушіні құрады.

2023 жылы медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға немесе 2 трлн. 488 млрд.теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  шеңберінде - 1 трлн. 405 млрд.теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде -1 трлн. 83 млрд.теңге).

Сонымен қатар, біз медициналық көмектің басым бағыттары бойынша, оның ішінде медицина қызметкерлерінің орташа жалақысының өсуін ескере отырып, тарифтерді қайта қарадық.

Анықтама:

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде біз сапасы мен ашықтығын арттыру, оның ішінде нормативтік-құқықтық базаны дайындау жолымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру үшін кешенді шаралар қабылдайтын боламыз.

В 2023 году нами будет продолжена работа по привлечению населения в систему ОСМС, и как следствие увеличение финансовых поступлений (исключение верхнего предела исчисления, вмененного ДМС).

Наряду с этим, нами планируется осуществить объединение финансовых потоков ГОБМП и ОСМС в единый пул, с чётким разграничением перечня медицинской помощи.

Также, в 2023 году нами будет обеспечен контроль финансовых потоков на всех этапах, в том числе через информационные системы.

В результате реализации вышеуказанных мероприятий в текущем году ожидается повышение зарплаты медицинских работников, а также увеличение финансирования и пересмотр тарифов по таким направлениям, как: скорая медицинская помощь на 2,5%, ВТМП на 7,8%, стационарная помощь на 2,7%, КДУ на 7,6%, стационаро-замещающая помощь на 5,3%, реабилитация на 13,3%.

 

11-слайд

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

Өткен 2,5 жылдың ішінде коронавирус инфекциясы пандемиясында біз 1 айдан 3 айға дейін созылған 6 сырқаттанушылықтың өсуін, яғни 6 КВИ толқынын бастан өткердік.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа биологиялық қауіптерге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы әзірленіп, қабылданды. Заңды жүзеге асыру шаралары іске асуда.

Биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру мақсатында құрамына 8 ғылыми орталық пен институт беріле отырып, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі құрылды.

Ұжымдық қорғауды және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қолдау үшін халықты ревакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Анықтама:

Алғашқы ревакцинациялауды 5,7 млн. адам алды, қамтылуы тиіс халықтың 70,4%-ын құрады, қайта ревакцинациялау - 1,1 млн. адамды құрады, бұл тиісті халықтың 54,8%-ын құрайды.

2023 жылы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысына цифрлық технологияларды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған (вакцинациялау процесінің есепті нысандарын электрондық форматқа көшіру; бақылау-қадағалау қызметін цифрландыру; биологиялық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйені қалыптастыру).

2023 жылы материалдық-техникалық базаны нығайту және эпидемиологиялық болжау мен ден қою жүйелерін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жалғасады.

Анықтама:

Біз профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесін іске асыруды жалғастырамыз және онкологиялық аурулардың ауыртпалығын азайту мақсатында Ұлттық күнтізбеге адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау енгізілетін болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері  бойынша, жатыр мойны обыры бүкіл әлемдегі әйелдерде қатерлі ісік бойынша төртінші орында тұр.

Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 000-ға дейін әйел қайтыс болады.

Адам папилломасы вирусын вакцинациялаудың ауыртпалығы мен тиімділігін ескере отырып, 86 ел адам папилломасы вирусының вакцинасын өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына (АҚШ, Канада, Аустралия, Бразилия, Венесуэла, Ұлыбритания және т.б.) енгізді.

Денсаулық сақтау жүйесі инфекцияларды сырттан әкелуге және ел ішінде (эпидемиялардың) пайда болуына мониторинг жүргізу мүмкіндігін және дайындығын арттыру бойынша үздіксіз жұмыс істеуде. Осыған байланысты, биологиялық қауіптерді ерте кезеңде анықтау және жедел ден қою үшін аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының мониторингі жалғастырылады. 

   

12-слайд

Денсаулық сақтауды цифрландыру

Мемлекет басшысы денсаулық сақтауды цифрландырудың техникалық жай-күйіне аудит жүргізуді, оның қорытындысы бойынша медициналық ақпараттық жүйелерді біріздендіру және интеграциялау шараларын қабылдауды тапсырды.

В здравоохранении функционирует 47 информационных систем, которые сопровождаются 8 подведомственными организациями Министерства здравоохранения. Данное обстоятельство создает разрозненность медицинских данных и бизнес-процессов, что в свою очередь влияет на качество и своевременность предоставления информации.

В 2022 году нами в рамках цифровизации здравоохранения проведена следующая работа:

Запущены сервис для пациентов «eGov.Densaulyk» в мобильные приложения eGovMobile, а также СМС уведомление граждан для проактивного прикрепления к медицинской организации

В рамках проекта «Delivery unit» Администрацией Президента Республики Казахстан, разработаны и реализованы на «SmartDataUkimet» 24 показателя по здравоохранению.

Справочно:

Запущен Единый классификатор лекарственных средств, а также реализовано автоматизированное рабочее место сотрудников КМФК МЗ РК по 63 индикаторам.

Кроме того, нами запущен сервис по обмену данными клинико-диагностических услуг между различными медицинским информационными системами, а также медицинские информационные системы подключены к Национальному координационному центру информационной безопасности.

Кроме того, нами запущен пилотный проект по выдаче амбулаторных лекарственных средств по QR-коду через «Социальный кошелек».

В результате проводимых в 2022 году мероприятий осуществлено обеспечение доступа к персональным медицинским данным граждан, а также обеспечена осведомленность граждан по SMS-оповещению.

В 2023 году нами планируется обеспечить расширение сведений для пациентов в мобильном приложении eGovMobile, доступных в сервисе «eGov.Densaulyk».

  Также, планируется обеспечить исключение дублирования ввода данных медицинскими работниками во множество информационных систем, а также полный перевод рецептов в электронный формат (в т.ч. платных).

  Наряду с этим, нами планируется внедрение цифрового инструмента подтверждения факта оказания медицинской помощи пациентам (мобильные приложения), а также реализация полноценного обмена данными между различными медицинскими информационными системами (цифровая свобода). 

Справочно:

Предусмотрена централизация учетных систем медицинских организаций, а также расширение видов и пересмотр тарифов на дистанционные медицинские услуги.

Вместе с тем, в 2023 году будет обеспечено внедрение телемедицинских решений в 30 медицинских организациях для консультаций населению в отдаленных сельских населенных пунктах.

 

13-слайд

Халықаралық ынтымақтастық

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық қызмет шет елдермен, халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен тығыз жүргізілді.

2022 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастығы туралы екі жылдық келісімге қол қойылып, өзара іс-қимылдың басым бағыттары жүзеге асырылуда.

В 2022 году в Республику Казахстан был организован ряд визитов руководства ВОЗ: в августе - Генерального директора ВОЗ Тедроса Гебрейесуса, в марте и сентябре – Директора Европейского регионального бюро ВОЗ Ханса Клюге.

Справочно:

Важным итогом визитов стало открытие Первой в Европейском регионе ВОЗ Демонстрационной площадки по ПМСП в Алматинской области, проведение встреч Х. Клюге на высоком уровне с Премьер-Министром РК Смаиловым А.А.,  Сенатом и Мажилисом Парламента РК и др., а также достижение договорённостей по проведению в Казахстане Международной конференции по первичной медико-санитарной помощи, посвященной 45-летию принятия Алма-Атинской Декларации и 5-летию принятия Астанинской Декларации по ПМСП 23 октября 2023 г. и 73-ей сессии Европейского регионального комитета ВОЗ 24-26 октября 2023 г. в г.Астана.

В 2022 г. Казахстан впервые является Председателем Постоянного комитета Европейского регионального комитета, а также регулярно принимает участие в работе руководящих органов ВОЗ, включая Исполнительный комитет, Всемирную ассамблею здравоохранения, Европейский региональный комитет ВОЗ и др., где обсуждается широкий спектр актуальных для мирового здравоохранения вопросов.

Подписано 8 международных соглашений с зарубежными государствами и иностранными компаниями, в том числе 2 на межправительственном уровне (Турция и Катар) и 6 с фармацевтическими компаниями (РОШ, Фрезениус, Атабай, Нобель, Новартис, Ново Нордиск).

В рамках председательства РК в СНГ, 22-23 сентября 2022 года в г.Туркестан организовано XXXV заседание Совета по сотрудничеству в области здравоохранения СНГ. Приняли участие более 70 участников, из 8 государств-членов СНГ в т.ч. на уровне министров, заместителей министров и главных санитарных врачей, а также с участием Директора Европейского регионального бюро ВОЗ Х. Клюге, представителей Исполкома СНГ.

Справочно:

8 июня 2022 года в г. Ташкенте состоялось Пятое Совещание министров здравоохранения государств-членов ШОС на тему «Консолидация совместных усилий для расширения доступа к качественному медицинскому обслуживанию в период пандемии COVID-19.

Продолжено взаимодействие ЕАЭС в рамках Рабочей группы по экономическому сотрудничеству в области здравоохранения (проведено 14 заседаний). Приняты решения по совершенствованию Правил регистрации и экспертизы лекарственных средств для медицинского применения.

Принято участие в более 70 заседаниях рабочих групп в рамках ЕАЭС.

Привлечены фармацевтические компании по локализации производства на территории РК (РОШ, Фрезениус, Атабай, Нобель, Орхун Медикал, Дженерал Электрик, Новартис, Ново Нордиск, М3групп).

В 2023 году ключевым аспектом сотрудничества станет продвижение Декларации Астаны по первичной медико-санитарной помощи на уровне Генеральной Ассамблеи ООН.

Справочно:

Главной целью является проведение Панельной сессии по ПМСП в рамках Заседания Высокого уровня по всеобщему охвату услугами здравоохранения в ходе 78-ой сессии ГА ООН (сентябрь 2023 г., г. Нью-Йорк) под со–председательством Казахстана.

Ввиду достигнутых договоренностей с руководством ВОЗ принято решение о проведении 73-ей сессии Европейского регионального комитета ВОЗ в Казахстане 24-26 октября 2023 года в Астане.

Сессия будет приурочена к празднованию 75-летнего юбилея ВОЗ, 45-летия принятия Алма-Атинской декларации и 5-летия принятия Декларации Астаны по ПМСП.

Справочно:

Европейским региональным комитетом РК планируется проведение Международной конференции по ПМСП, посвященной 45-летию принятия Алма-Атинской Декларации и 5-летию принятия Астанинской Декларации по ПМСП.

Проведение данных мероприятий планируется с участием Главы Государства, Премьер-Министра РК и поддержит имидж страны, как родины и лидера в развитии ПМСП в регионе и мире, способной принять у себя важнейшее региональное политическое и дипломатическое мероприятие высокого уровня в сфере здравоохранения.

С июня 2023 по 2024 годы в период председательства Казахстана в ШОС, планируется проведение совещания Министров здравоохранения государств-членов ШОС в городе Астана.

Активизация сотрудничества в области здравоохранения со странами СНГ, активное взаимодействие в реализации программных документов в рамках СНГ, реализация Плана по председательству Республики Казахстан в ШОС, реализация поручений Главы государства по итогам визитов в страны СНГ, реализация инициатив в области здравоохранения в рамках интеграционных объединений.

Будет продолжена реализация Плана мероприятий по достижению стратегических направлений развития евразийской интеграции до 2025 года в рамках Рабочей группы по развитию экономического сотрудничества в области здравоохранения в рамках ЕАЭС.

Планируется разработка и принятие порядка                                                        10 международных договоров в области здравоохранения (Венгрия, Литва, ОАЭ, Индия, РФ, фарм. компаний по локализации производства), а также привлечение технических грантов.

 

14-слайд      

Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе, Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы негізгі міндеттері белгіленді.

Биыл біз Қазақстан Республикасы Президентінің Сайлауалды платформасын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023-2027 жылдарған арналған даму жоспарын іске асыруды бастаймыз.

Атқарылатын шаралар биыл халқымыздың өмір жасын ары қарай ұзартатын болады және медициналық көмекке қолжетімділікті арттырады.

 

Құрметті Алқаға қатысушылар!

Өткен жылы Министрлік халық денсаулығын сақтаудың барлық бағыттары бойынша маңызды жұмыс жүргізді.

Қол жеткізілген жетістіктермен қатар тез арада шешуді талап ететін міндеттер де бар. Біз ел халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыратын тиімді шешімдерді дайындайтын кәсіптік және азаматтық қоғамдастықтың бүкіл күш-жігерін біріктіруіміз қажет.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары
Есімізде, құрметтейміз, мақтанамыз.
25 ноября 2025
МИНИСТРЛІКТЕ ҰЛДАНА МЫРЗУАНДЫ ЕСКЕ АЛУ ҚҰРМЕТІ ӨТТІ
Пайдалы ақпарат
19 ноября 2025
БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСТІ АТА-АНАЛАРДЫ ӨЗБЕТІНШЕ ЕМДЕУДЕН ЖӘНЕ ЫСТЫҚТЫ ТҮСІРЕТІН ДӘРІЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАБЫЛДАУДАН САҚТАНДЫРАДЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты