Қазақстан Республикасы азаматтарының ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражаты есебінен азаматтарды шетелде емделуге жолдау үшін ұсынылған шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін қалыптастырды.
Клиникаларды іріктеу келесі өлшемшарттар негізінде жүргізіледі:
халықаралық аккредитацияның (JCI, ISO немесе баламалы) болуы;
медициналық персоналдың жоғары біліктілік деңгейі;
диагностика мен емдеудің инновациялық және дәлелді әдістерін қолдану;
емдеу нәтижелерінің оң болуы және пациенттердің қауіпсіздігі.
Шетелде емделу Қазақстан Республикасының аумағында тиісті емдеуге қажетті технологиялар, жабдықтар немесе мамандар болмаған жағдайда ғана ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде және шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда емделуге жолдау жөніндегі сараптамалық комиссияның 2021 жылғы 23 маусымдағы № 9 хаттамалық шешімімен шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесі бекітілген.
Емдеу нәтижелерінің оң көрсеткіштері мен диагностика және емдеудің инновациялық әдістерін қолдану ескеріле отырып, бұл Тізбе өзектендіріліп отырады.
Министрлік азаматтардың өз бетінше шетелге емделуге шығу жағдайында аталған шетелдік клиникаларға жүгінуді ұсынады.