Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Қазақтың дара туған данасы» мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Қазақтың дара туған данасы» 

мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қазақтың дара туған данасы» мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты:

1) Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу;

3) денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

  1. Конкурсқа Министрліктің Орталық аппаратының, Комитеттердің мемлекеттік қызметшілері қатысады (әрбір құрылымдық бөлімшеден кемінде 2 қызметкер немесе топ құрып (2-5 адам) қатысуға болады, жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды).

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі
  2. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті (бұдан әрі – Департамент) және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.
  3. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 1 ай бұрын ұйымдастырушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.
  4. Байқауға қатысуға өтінім 2025 жылғы 8 тамызға дейін Департаментке төмендегі құжаттармен бірге ұсынылады:
  • өтінім (Ережеге қосымша нысан бойынша);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • Байқауға қатысушының «мемлекеттік қызметші» екенін растайтын анықтама.
  1. Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім қабылданбайды.
  2. Байқау мынадай аталымдардан тұрады:

1) «Жүрегімнің түбіне терең бойла» Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу (шығарманы жатқа айту, нақышына келтіріп мәнерлеп  оқу, сахна мәдениеті және музыкалық сүймелдеумен үйлестіре білуге басымдық беріледі) топпен қатысуға рұқсат етіледі,  ұзақтығы – 10 минуттан аспауы тиіс;

2) «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абайдың толық (кемел) адам ілімі бойынша эссе жазу (берілген тақырыпты толық аша білу, ой-пікірдің жүйелілігі, грамматикалық сауаттылығы,  700-800 сөз қамтылуы тиіс) эссе бір күн бұрын жазылады, ұзақтығы – 45 минут;

3) «Әнді сүйсең менше сүй» Абай әндерін орындау (вокалдық шеберлігі, фонограммалық жазу (минусовка) арқылы және музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындауға басымдық беріледі) топпен орындауға рұқсат етіледі, ұзақтығы – 10 минуттан аспауы тиіс;

4) «Абай жолы»  романынан сахналық көрініс (басты кейіпкерлердің бейнесін көркемдеу, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу, романның ерекше тұстарын көрсете білу, сахна мәдениеті бағаланады), топпен қатысуға рұқсат етіледі, ұзақтығы – 15 минуттан аспауы тиіс.

 

  1. Қорытынды ережелер
  2. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін құрылған қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі талаптарды басшылыққа алады:

1) тілді меңгерудің жоғары деңгейі;

2) шығармашылық қабілеті мен сахна көрінісінің мазмұндылығы,  муызкадағы қабілеті,  еркін сөйлеу, байқау талаптарының сақталуы;

3) жазу сауаттылығы, көркемділігі, ой саптауы, жинақтылығы;

4) уақыт регламентінің сақталуы.

  1. Конкурс жеңімпаздары қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
  2. Конкурс жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы бағалы сыйлықтарымен, дипломдармен, алғысхаттармен  марапатталады.
  3. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарап, 2025 жылғы 22 тамызда конкурс қорытындыларын жариялайды, салтанатты марапаттау өткізіледі.

Өтінімдер мен материалдар n.bakirova@dsm.gov.kz. немесе aziatka_870509@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-31-27, 87059763301

 

______________________________

«Қазақтың дара туған данасы»  мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауына қосымша нысан

 

 

«Қазақтың дара туған данасы» 

мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық байқауға қатысуға арналған

өтінім

 

 

  1. Т.А.Ә.____________________________________________________________

 

  1. Жасы_____________________________________________________________

 

  1. Жұмыс орны ______________________________________________________

 

  1. Лауазымы_________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары (ұялы) __________________________________________

 

  1. Фото _____________________________________________________________

 

  1. Қосымша ақпарат (байқау бойынша таңдалған аталым_________________________________________________

 

  1. Қоса ұсынылуы тиіс: фото (эл.нұсқада), жеке куәліктің көшірмесі және Байқауға қатысушының «мемлекеттік қызметші» екенін растайтын анықтама.

 

 

Қолы

Күні

 

Ақпарат
Дата публикации
09 июля 2025