Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің ережесі

Жалпы ережелер

        Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
       Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  
       Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі бекітеді, Департаменттің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Аппарат басшысы бекітеді.  
      Департамент:
-ақпараттық технологиялар басқармасы;
-ақпараттандыру саясаты басқармасы;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасы;
-деректерді талдау және өңдеу басқармасынан тұрады.

Ереже
Дата публикации
02 июля 2024