Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша қайта конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 1.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: донорлықты дамыту, қан мен оның компоненттерін дайындау, қан компоненттері мен препараттарын өндіру және сақтау, донорлық пен трансплантология саласында зерттеулер жүргізу, зертханалық зерттеулер үшін пайдаланылатын құралдарды өндіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ мына талаптардың біріне сәйкес келуге тиіс:
1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін түрде);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғ.8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
Конкурс өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сұбхат өткізіледі.