Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
astana_neuroclinic@med.mail.kz
Аккаунты соц. сетей:
Ақшолақов Серік Қуандықұлы
Басқарма төрағасы
Общая информация, образование

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын,  РМҒА академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ҒЗИ клиникалық ординатурасын, аспирантурасын, докторантурасын бітірген (Мәскеу).

Карьера

1996 -2008 жж. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. 2008 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ  басшылық етеді. С.Қ. Ақшолақов мидың, ми діңгегінің, мидың қарынша жүйесінің базальды бөліктеріндегі ісіктерге операциялық микроскоп пен микронейрохирургияны қолданумен айтарлықтай күрделі нейрохирургиялық операцияларды жасайды. Ол ми мен омыртқаға 6000 – нан аса операция жасады. Ол Қазақстанда алғаш рет микронейрохирургияны, эндоскопиялық  нейрохирургияны, (трансназальды эндоскопиялық әдістер, мидағы жылауық кезінде эндоскопиялық  операциялар), алғаш рет нейронавигацияны қолданды, эпилепсияны операциялық түрде емдеуді жүзеге асырды.

 

            1998 және 2015 жылдары «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды, 2001, 2005, 2010, 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен марапатталды. 2005 жылы  жоғары дәрежелі тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.  2005 жылы Дәрігерлердің бүкіләлемдік ассоциациясының «Әлемге қамқоршы дәрігер» атағын алды. 2006 жылы Бүкілресейлік көрме орталығының лауреаты, 2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды. 2008 жылы Н.И. Пирогов атындағы сыйлықтың лауреаты (Ресей);  2008-2009 жылдары Қазақстандағы «Жыл адамы -Алтын адам» атағына ұсынылды. 2010 жылы ҚР Президентінің - «Парасат» орденімен марапатталды. 2011 жылы  «Қазіргі заманғы Қазақстанның озық инженерлік жобалары» - ҚР  ҒЗА нейрохирургияға жаңа технологиялар ендіру республикалық байқауының жеңімпазы, 2012 жылы  Сапасы үшін сыйлығының лауреаты, Швейцария, «Алтын эндоскоп» сыйлығының лауреаты, 2012 жылы   «Асқақ азамат» атағын алды; 2013 жылы ҚР Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 2015 жылы «Халық сүйіктісі -2015» ұлттық сыйлығы берілді. 2016 жылы мемлекеттік сыйлық - Қазақстанның Еңбек Ері атағымен марапатталды, Алтын жұлдыз айрықша белгісі және «Отан» ордені берілді.

 

С.Қ. Ақшолақовтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен бұрын-соңды Қазақстанда қолданылмаған 60 жаңа технология енгізілді,  30 клиникалық ординатор мен резиденттер дайындалды. 25 кандидаттық және 5 докторлық диссертация дайындалды және қорғалды. 300-ден аса ғылыми жұмыстары (оның 80 шетелдік журналдарда) жарияланды, соның ішінде 13 монография жарық көрді. 13 патент авторы.

 

 

 

С.Қ. Ақшолақов Халықаралық қатысумен Қазақстан нейрохирургтарының I, II, III, IV съездерінің, Нейрохирургиялық қоғамдардың Бүкіләлемдік Федерациясының (WFNS) білім беру курстарының, Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық Федерациясының білім беру курстарының, Халықаралық нейрохирургтар форумының және әлемнің 56 елінен 700 шетелдік маман қатысқан Нейрохирургтардың Х Азиялық конгресінің ұйымдастырушысы болып табылады.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты