
2025 жылғы 15 мамырда Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс аумағында орналасқан лагерь басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және тағамнан уланудың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Жиын барысында балаларды сауықтыру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.