
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқармалары ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жан жақты іс-шаралар өткізуде.
Сондай-ақ, Алакөл ауданымен аудандық орталық кітапханасымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.
Ескелді ауданында Титов атында орта мектебінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында осы мектептің «Республикалық Абай оқулары» қарасөз номинациясы бойынша жеңіпазы Абайдың қара сөздері мен туындыларын оқып таныстырды.
Қаратал, Кербұлақ ауданындарында аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірлескен іс-шара өткізілді.
Көксу ауданымен Басқарма мен Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Өнер мектебімен» бірлесіп, Абай Құнанбаеватың 1891 жылы жазылған «Көзімнің қарасы» өленің пионисттің сүйемелдеуімен орындалды.
Панфилов ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге бағытталған іс-шара негізінде басқарма қызметкерлерімен өлең оқу челенджі өткізілді.
Сарқан ауданымен Абайдың отыз бірінші қара сөзі sarkan_sebb әлеуметтік желісіне жарияланды.
Талдықорған қаласының №1 мектеп-гимназиясында абайтанушы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің өкілі С.Қожағуловтың қатысуымен ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге бағытталған шығармашылық кеш өткізілді. Іс-шара барысында мектеп оқушыларына М.Мырзахметұлының «Абайтану» кітабы сыйға тартылып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Текелі қаласымен қала әкімшілігінің кіші залында, №8 орта мектебінде семинарлар өткізілді.