Дүниежүзілік қол гигиенасы күні

Дүниежүзілік қол гигиенасы күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2008 жылдан бері жыл сайын 5 мамырда Дүниежүзілік қол гигиенасы күні атап өтіледі. Бұл күн қол жууды насихаттауға арналған. Бұл күнді таңдаудың мағынасы символикалы: 5.5-екі қолдың бес саусағын білдіреді. Осы күнге орай  қол жуудың денсаулыққа әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін дүние жүзінде және елімізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Оның басты мақсаты – үйде де, одан тыс жерлерде де қолды жууды дағдылы әрекетке айналдыру.

Неліктен қол гигиенасы соншалықты маңызды?

Зерттеулер көрсеткендей, көптеген инфекциялар, соның ішінде тұмау, диарея және басқа респираторлық және асқазан-ішек жұқпалы аурулары лас қолдармен жанасу арқылы беріледі. Вирустар мен бактериялар бір беттен екінші  бетке немесе адамдармен физикалық байланыс арқылы оңай тасымалданады. Бұл жерде қол гигиенасы бірінші және ең маңызды кедергіге айналады.

Қолды тек тамақ ішер алдында немесе дәретхананы пайдаланғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар ластануы мүмкін басқа жағдайларда, мысалы, жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін, жануарлармен немесе науқаспен байланыста болғаннан кейін және қоғамдық орындарға барғаннан кейін жуу маңызды.

Қолды қалай дұрыс жуу керек?

Қолды дұрыс жуу – бұл жай ғана сумен жуып, сабын жағу емес. Жоғары тиімділікке жету үшін белгілі бір қадамдарды орындау керек:

  1. Қолыңызды сумен сулаңыз.
  2. Сабынның жеткілікті мөлшерін жағыңыз.

3.Қолыңызды кем дегенде 20 секунд бойы мұқият жуыңыз. Осы уақыт ішінде саусақтарыңызға, алақаныңызға, саусақтарыңыздың арасына және тырнақ астына назар аударыңыз.

  1. Сабынды жылы ағынды сумен жақсылап шайыңыз.
  2. Қолыңызды сүлгімен немесе электр кептіргішпен жақсылап құрғатыңыз.

Су немесе сабын жоқ жағдайларда антисептикалық құралдар тиімді бола алады. Жеткілікті залалсыздандыруды қамтамасыз ету үшін құрамында кемінде 60% спирті бар өнімдерді пайдалану маңызды.

Қол гигиенасы – бұл инфекциялардың таралуын болдырмау және денсаулықты сақтау үшін қарапайым және тиімді шара.  

Есіңізде болсын, қолдың тазалығы - бұл сіздің және айналаңыздағылардың денсаулығының кепілі!