Жетісу облысында бақылау сатып алу шеңберінде жеделден қою шараларын қолдану тақырыбы талқыланды

Жетісу облысында бақылау сатып алу шеңберінде жеделден қою шараларын қолдану тақырыбы талқыланды

2025 жылғы 30 сәуірде Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармалардың мамандарымен бірлесіп, бақылау сатып алу шеңберінде жедел ден қою шараларын қолдану мәселелеріне қатысты семинар өткізді.
Іс-шара барысында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін, техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) алу және кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ көрсетілген шаралардың орындалуын бақылау мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қаралды. Сонымен қатар, қатысушылар өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.