Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кенелердің белсенділігі туралы хабарлайды, көктемгі мерекелерде табиғатқа шығу кезінде кенелердің шабуылынан репелленттер мен аэрозольдарды қолданыңыз!

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кенелердің белсенділігі туралы хабарлайды, көктемгі мерекелерде табиғатқа шығу кезінде кенелердің шабуылынан репелленттер мен аэрозольдарды қолданыңыз!

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!!!

Көктемгі мерекелер қарсаңында табиғатқа орманға, баққа, балық аулауға бара жатып, жорыққа шығып, кенеден сақтаныңыз және дұрыс киініңіз:

  1. Шалбарды шұлық, бәтеңке, етік, ал жейдені шалбарға салу қажет. Естеріңізде ме? Кене әрқашан жоғары көтеріледі! Табиғатқа шыққанда белдемше кию ұсынылмайды!
  2. Жейденің жағасы мен жеңдері білекке тығыз жабысуы тиіс.
  3. Басты орамалмен, беретпен, фуражкамен немесе капюшонмен қорғау қажет.

         Егер арнайы киіммен бірге арнайы препараттарды (кенелерді қоздыратын репелленттер) пайдалансаңыз, сіз сенімді қорғаласыз.

Мүмкіндігінше жиі, кемінде 2 сағат сайын сыртқы киімді және дененің ашық бөліктерін өздігінен және өзара қарап шығу қажет.

Орманнан, бақтан, саябақтан оралған кезде барлық киімдеріңізді шешіп,  денені мұқият қараңыз. Балаларды тек ересектер ғана қарауы тиіс!

Кене жабысып келуі мүмкін гүлдер мен шөптерді мұқият тексеріңіз, ол адамға шабуыл жасауы және кене энцефалитін жұқтыруы мүмкін.

Кене шаққан кезде кенеге қарсы иммуноглобулинді алу үшін бірден медициналық көмекке жүгіну қажет. Қызметі омартада болумен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, экспедиция, отын дайындау, орманды тазарту, аумақты көгалдандырумен байланысты адамдарға кене энцефалитіне қарсы вакцина алу ұсынылады. Вакцинация медициналық ұйымда тегін жүргізіледі.