1 мамыр Қазақстан бірлігі күні.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі-жыл сайын 1 мамырда атап өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мереке. Мереке 1996 жылы тойлана бастады. 1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігі мерекесі. Бұл жарқын көктем мерекесі Қазақстанның әр қаласында өтеді. Мерекеге Қазақстан халқын басқа халықтардың дәстүрлерімен таныстыру үшін түрлі мәдени орталықтардың қатысуы зор маңызға ие. Көңілді би, спорттық жарыстар-осының бәрі іс-шараны Қазақстан халқы үшін ең жарқын және сүйікті мерекелердің біріне айналдырады.