
Органикалық өнімдерге деген сұраныс күн сайын артып келеді, бұл дұрыс тамақтануға деген қызығушылықтың артуымен байланысты. Бірақ органикалық өнім дегеніміз не және ол қарапайым тағамдарға қарағанда пайдалы ма?
Органикалық өнім дегеніміз не? Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде осы Заңның және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;
Органикалық өнімдердің артықшылықтары қандай? Органикалық өнімді өндіру кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс: тек сау тұқымдар пайдаланылады; синтетикалық заттар, химиялық пестицидтер, гормондар, антибиотиктер және тағамдық қоспалар қолданылмайды; топырақтың құнарлылығы сақталады; ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдік ауруларынан қорғаудың механикалық, биологиялық және физикалық әдістері қолданылады; жергілікті жағдайларға бейімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары пайдаланылады, ГМО қолданылмайды (ветеринариялық препараттардан басқа), топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру әдістерін қолдылмайды; араластыруды болдырмау үшін органикалық өнім өндірісі органикалық өнімге жатпайтын өнім өндіруден бөлек орналыстырылады.
Осы талаптарды орындау арқылы органикалық өнімдер:
- адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз;
- нитраттармен, ауыр металдармен, пестицидтердің, гербицидтердің және химиялық синтездегі басқа заттардың қалдықтарымен ластанбаған;
- құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер, өсу стимуляторлары, гормондар және антибиотиктер жоқ;
- қайта өңдеу кезінде тағамдық қасиеттері мен табиғи құрамын сақтайды, өйткені тек табиғи қайта өңдеу әдістері мен дәстүрлі рецепттер, табиғи заттар мен орау материалдары қолданылады.
Органикалық өнімдерді қалай таңдауға болады? Органикалық өнімді таңдағанда, оның таңбалануына назар аударыңыз. Ол мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы керек, Мәтін сізді адастырмауы керек. Таңбалауда өндіруші өнім туралы барлық маңызды ақпаратты көрсетуге міндетті: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМО болуы туралы мәліметтер және ЕАС белгісі.
Органикалық өнімді таңбалау анық, түсінікті, шынайы болуы тиіс және техникалық регламенттерде көзделген міндетті ақпараттан басқа, қосымша мәліметтерді қамтуы тиіс:
- өнімді құрайтын шикізаттық ауыл шаруашылығы материалдары өндірілген жер туралы ақпарат;
- органикалық өнім өндірушісіне инспекция жүргізген ұйымның атауы;
- органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісі.
Органикалық өнімдерді таңбалау кезінде «органик», «органикалық», «organic», «organik» белгілері пайдаланылуы мүмкін.
Органикалық өнімдер оны нарыққа шығарар алдында сәйкестікті растау бағасынан өтуі керек, яғни сәйкестік сертификаты болуы керек. Мұндай өнімдерге органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісі қойылады. Қазақстанда органикалық өнімді сертификаттау жөніндегі орган «QAZAQ BIO CONTROL» ЖШС.
Біздің және келешек ұрпақтың денсаулығы тек біздің қолымызда! Дәл осы себептен органикалық өнімді таңдаған абзал.