Тамақ өнімдерінің сәйкестігін растайтын құжат дегеніміз не және оның түпнұсқалығын қалай тексеруге болады?

Тамақ өнімдерінің сәйкестігін растайтын құжат дегеніміз не және оның түпнұсқалығын қалай тексеруге болады?

Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау міндетті болып табылады. Бұл талаптар отандық өнімге, ЕАЭО елдерінен және басқа елдерден әкелінетін өнімге қолданылады.

Тамақ өнімдерінің сәйкестігін растайтын құжаттар: сәйкестік туралы декларация, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық сертификат болып табылады.

Кеден одағының кедендік аумағында айналысқа шығарылатын жануарлардан алынатын өңделмеген тамақ өнімдері, мамандандырылған тамақ өнімдері мен сірке суын қоспағанда, барлық тағам өнімдері мідетті декларациялануға жатады.

Мамандандырылған тамақ өнімдері мемлекеттік тіркеуге жатады. Мамандандырылған тамақ өнімдеріне мыналар жатады: балалар тағамына арналған тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тағамына арналған ауыз су; диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағамға арналған тамақ өнімдері; минералдануы 1 мг/дм3-тен жоғары немесе минералдануы аз, құрамында биологиялық белсенді заттар жоқ табиғи минералды, емдік-асханалық, емдік минералды су; спортшыларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді тамақтандыруға арналған тамақ өнімдері; биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ).

Жануарлардан алынатын өңделмеген тамақ өнімдері ветеринариялық-санитариялық сараптамаға жатады және ветеринариялық сертификатпен немесе ветеринариялық анықтамамен сүйемелденуге тиіс.

Сәйкестік туралы декларацияның болуы мен түпнұсқалығын берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімінде тексеруге болады.

 Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің болуы мен түпнұсқалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тексеруге болады. Бұл тізілімдердің екеуі де Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған (https://eec.eaeunion.org).

Тұтынушы өз кезегінде сатушыдан тауардың сәйкестігі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұратуға толық құқылы.