«Дабыл чемоданы» не үшін қажет?

«Дабыл чемоданы» не үшін қажет?

«Дабыл чемоданы» - бұл төтенше жағдай аймағынан эвакуациялау кезінде мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б. немесе құтқарушылар келгенге дейін төтенше жағдайлардан аман қалу мақсатында қолданылатын жеке заттар мен қажетті құралдардың жиынтығы бар сөмке немесе чемодан.

«Дабыл чемоданды» Сіз өзіңіз жинай аласыз, ол үшін рюкзакты, кішкене чемоданды немесе сөмкені пайдалануға болады, сондай-ақ ол жинақы және тым ауыр болмауы керек.

Бұл ретте, «Дабыл чемоданын» келесі тұрмыстық заттармен жабдықтауды ұсынамыз:

  • Құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, паспорт, балалардың туу туралы куәлігі, тұрғын үйдің құқықтық құжаты және оларды нотариалды куәландырыған жөн болар) және қолма-қол ақша;
  • Дәрі қобдишасы, құрамында ауырсынуды және ыстықты басатын, аллергияға қарсы және жиі қолданылатын дәрі-дәрмектер, сондай-ақ медициналық маскалар, антисептиктер, таңғыштар, жгут, дәке, мақта, йод, гауһар жасыл ерітінді (зеленка), жабысқақ пластырь;
  • Гигиена құралдары: сүлгі, сабын, дәретхана қағазы, тіс пастасы және щетка, дымқыл және құрғақ майлықтар, жеке заттар, кішкентай балалары барларға балалардың жаялықтары;
  • Маусымдық киім және аяқ киім;
  • Консервіленген және жоғары калориялы тағамдар, кішкентай балалары барларға балалардың тағамы (сүт қоспасы);
  • Керек-жарақтар: ысқырық, компас, фонарь, май шамдар, сіріңке, дәптер мен қалам, қайшы;
  • Су қоры, қыста бір адамға 3-4 литр және жазда 5-6 литр мөлшерінде.

«Дабыл чемоданы» Сізге ыңғайлы үйден шыға берісінде жақын жерде сақталуы керек және бұл туралы отбасы мүшелерінің әрқайсысы білуі керек.

Бұл Бізге қажет емес деп үміттенеміз, бірақ кім ескертулі – сол қарулы дегенді түсіну керек.