Жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болыңыз!

Жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болыңыз!
 
  Балмұздақ - балалардың да, ересектердің де сүйікті тәтті тағамдарының бірі. Сапалы өнімді таңдау үшін сіз мұқият болуыңыз керек және күмәнді сатушылар мен өндірушілерден аулақ болыңыз. Ерітілген немесе еріген балмұздақтың сапасы мен сақтау шарттары күмән тудырса, оны жеуге болмайды. Балмұздақпен улану көбінесе ыстық маусымда, өнім тез бұзылатын кезде пайда болады. Себебі өнімнің дұрыс сақталмауы, температура режимі, антисанитарлық жағдайлары, дұрыс емес өндіру технологиясы, сапасыз ингредиенттерді, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдаланудан пайда болады.
  Сауда объектілері (сауда нүктелері) эпидемиялық маңыздылығы елеусіз топқа жатады және ерекше тәртіп бойынша тексеруге жатпайды. Сатылатын өнімнің сапасына осы өнімді сататын кәсіпкер толығымен жауап береді. Жұмсақ балмұздақты сату тек оны дайындау орындарында жүргізілсе, ал өндіру – тікелей сатылар алдында жүргізілуі тиіс. Себебі, әр балмұздақ құю алдында құрылғы цехтың арнайы жабдықталған жуу бөлімінде өңделіп, өнімді дайындаудың белгілі бір ережелері сақталуы керек. Сондай-ақ, балмұздақ қолданар алдында қолыңызды жуу немесе қолыңызды дымқыл майлықтармен немесе арнайы бактерияға қарсы гельмен өңдеу ұсынылады.
  Балмұздақ сатылатын объектілерді сатушылар таза ұстауы керек және өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы шарт. Кәсіпкерлер балмұздақты сақтау және өткізу шарттарын, жарамдылық мерзімдерінің сақталуын, тамақ өнімдерін ластанудан қорғауды, таза арнайы киім киюді, бір реттік қолғап және жеке гигиена ережелерін сақтауды, сонымен қатар медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшасы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
  Шағын бөлшек сауда объектілерін және оларды заңды түрде құру кезінде жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау арқылы адамдардың улану жағдайларын болдырмауға болады. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер туралы Egov (elicense) электрондық порталы арқылы объектінің орналасқан жері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарын хабардар етуге міндетті екендеріңізді естеріңізге саламыз. Хабарламаны бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
  Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарына өтініш, автоматтардан ашық түрде жұмсақ балмұздақ сатып аларда жоғарыда аталған талаптар сақталатын объектілерден алуға тырысыңыз. Жұмсақ балмұздақтан уланудың белгілері бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, құсу, жүрек айну, диарея, іштің ауыруы және т.б. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз және жоғарыда көрсетілгендерге ұқсас белгілер болса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз.
Өзіңіз бен балаларыңыздың денсаулығы өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!