Тұрмыстық жағдайда улыхимикаттарды қолдану

Тұрмыстық жағдайда улыхимикаттарды қолдану
Далада, жұмыста және үйде біздің айналамызда қауіпті жұқпалы ауруларды тасымалдайтын көзге көрінбейтін «дұшпандар» мекен етеді: әртүрлі жәндіктер және кеміргіштер. Бұл адамның денсауылығына үлкен қауіп төндіріп, психологиялық және эстетикалық мәндегі проблема тудырады. Әртүрлі жәндіктер және кеміргіштерге түрлі күресу әдістері қолданылады.
Көптеген тұрғындар мұндай мәселемен өз бетінше күреседі, сауда-саттық нарығында жәндіктерді және кеміргіштерді жою мәселесін шешу үшін едәуір улы химикаттардың түр-түрін ұсынады. Улы химикаттарды дұрыс қолданбау қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Евразиялық экономикалық одақтың өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар қолданылады. Улы химикаттарды сатып алу кезінде міндетті ақпараты бар таңбаламасына назар аударыңыз (атауы мен қолданылу мақсаты, өндірушінің атауы және орналасқан мекенжайы, өндірілген күні және партия нөмірі, сақтаудың кепілді мерзімі немесе жарамдылық мерзімі, қауіпсіз қолдану, сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар нұсқаулық, таңбалаудың мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы).
Сонымен қатар, дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының қауіптілігінің сыныптамасы белгіленеді:
1) Аса қауіпті құралдар (1-сыныптама) – эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша арнайы костюммен және газтұтқышпен пайдаланылады;
2) Қауіптілігі жоғары құралдар (2-сыныптама) – білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды, тұрғын үй-жайларды және қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы адамдар болмаған кезде оқытылған персоналдың пайдалануына жол беріледі;
3) Қауіптілігі орташа құралдарды (3-сыныптама) – оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста барлығын қолдану шарттарын міндетті түрде регламенттеу (дезқұралдар шығысы, желдету режимі, жинау) арқылы пайдалануға жол беріледі;
4) Қауіптілігі аз құралдар (4-сыныптама) – қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі.
Осыған сүйене отырып, күнделікті өмірде қауіптілігі аз дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын қолдануға, сондай-ақ сізге таныс емес тілдерде немесе ілеспе құжаттарсыз таңбаланған құралдарды сатып алмауға кеңес береміз.
Дегенмен, қарапайым қауіпсіздік шараларын және жеке бас гигиенасын үнемі есте сақтау қажет, мысалы, улы химикатты қолдану кезінде медициналық масканы, қолғап пен көзілдірікті киіңіз, содан кейін бөлмені мұқият желдетіп, жуып тазалаңыз.