Жіті ішек инфекциясы дегеніміз не? Жіті ішек инфекциясы - асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен және интокикациямен өтетін жұқпалардың үлкен бір тобы. Ішек жұқпаларының қоздырғыштары әртүрлі жеке топтағы бактериялар (шигелллар, сальмонеллалар және басқалар), шартты-патогенді микробтар, вирустар (ротавирустар, энтеровирустар және тағы басқалар).
Жіті ішек инфекциясында неден қорқуымыз керек? Іштің өтуі және құсумен болатын сусыздану бала өміріне (әрине, ересектерге де) өте қауіпті. Әсіресе бала ағзасында су мен тұздардың қоры аз, сондықтан ішек инфекциясы баланың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
Жұқпалы аурудың таралу ерекшелігі мен белгілері. Науқас адамдар мен бактерия тасымалдаушылар – жұқпа көзі болып табылады, жұқпа қоздырғыштары тағам, су, тұрмыстық-қатынас жолдары арқылы таралады. Тағамды дайындау барысында технологиялық талаптардың сақталмауы, жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдеу ережелерін ескермеу, ыдыстарды жуу-тазалау қағидаларын сақтамау, тағамды даярлау және таратумен айналысатын тұлғалардың жеке гигиена ережелерін ұстанбауы – сырқаттанушылықтың таралуының жиі себептері болып табылады.
Су – жұқпалы аурулардың таралуында маңызды факторларының бірі, аурушылдық жұқпа қоздырғыштарымен ластанған суды пайдалану нәтижесінде дамиды. Су құбырларында техникалық ақаулардың немес апатты жағдайлардың болуына байланысты, кәріз суларымен ластануы - сумен таралатын аурулардың бірден - бір себебі болуы мүмкін. Ал, жұқпалы аурудың тұрмыстық-қатынас жолымен таралуы, ластанған қол, тұрмыстық заттарды (ыдыс-аяқ, сүлгі, ойыншықтар) пайдалану арқылы жүзеге асады.
Жұқпа қоздырғышының адам ағзасына түскеннен кейін, аурудың белгілері басталғанға дейінгі уақыт, бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін созылады. Әдетте, сырқаттанушылық кенеттен басталады. Сырқаттанған адам дене қызуының көтерілуіне, қалтырау, іш қуысында ауру сезіміне шағымданады. Сондай-ақ, бас ауру, әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің болмауы қатар байқалады. Науқаста жиі құсу және диарея (іштің өтуі) белгілері дамиды.
Ішек инфекцияларының алдын алу жолдары айтарлықтай анық және қарапайым тазалық ережелерін сақтауға бағытталған:
Аурудың бірінші белгілері анықталған жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіңгеніңіз абзал және өз бетінше емделмеңіз!