
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!!!
Көктемгі мерекелер қарсаңында табиғатқа орманға, баққа, балық аулауға барғанда, жорыққа шыққанда кенеден сақтаныңыз және дұрыс киініңіз:
Егер арнайы киіммен бірге арнайы препараттарды (кенелерді үркітетін репелленттер) пайдалансаңыз, Сіз сенімді қорғаласыз.
Мүмкіндігінше жиі, кемінде 2 сағат сайын сыртқы киімді және дененің ашық бөліктерін өздігінен және өзара қарап шығу қажет.
Орманнан, бақтан, саябақтан оралған кезде барлық киімдеріңізді шешіп, денеңізді мұқият қараңыз. Балаларды тек ересектер ғана қарауы тиіс!
Кене гүлдер мен шөптерге жабысып келуі мүмкін, мұқият тексеріңіз.
Кене шаққан кезде кенеге қарсы иммуноглобулинді алу үшін бірден медициналық көмекке жүгіну қажет, алғашқы үш күнде тиімді. Қызметі омартада болумен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, экспедиция, отын дайындау, орманды тазарту, аумақты көгалдандырумен байланысты адамдарға кене энцефалитіне қарсы вакцина алу ұсынылады. Иммуноглобулин, вакцинация алу, үстіңізден табылған кенені кене энцефалитіне тексеру тегін жүргізіледі.