
Жетісу облысында 2024ж., 2025ж.басынан кене энцефалиті тіркелген жоқ (соңғы рет 2022 жылы Ескелді ауданында 1, Текелі қаласында 2 жағдай тіркелген).
2025 жылғы эпидемиялық маусым (1сәуір-1қазан) басталғалы апталық мониторингке сәйкес кене шағудың 824 жағдайы тіркелді. 2026ж.эпидкезеңінің 3 аптасында 52 кене шағу жағдайлары тіркелді.
Кене энцефалитінің алдын алу шаралары:
Облыстың Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймаққа жатады. Табиғи ошақтардың аймақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмысының 1-туры сәуірдің 1-нен 28-не дейін 230га жүргізіледі. 2-ші туры маусым айының 1-нен 25-не дейін жүргізіледі. Бүгінгі күнге Ескелді, Кербұлақ аудандары мен Текелі қаласының тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда 49га көлемінде кенелерге қарсы өңдеу жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда.
Кене шаққан адамдарға арнайы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі. Тез арада медициналық ұйымға кенеге қарсы иммуноглобулин алуға барған жөн. Кене шаққан күннен бастап 3 күн ішінде жүргізген тиімді.
Спецификалық емес профилактикасы:
Кене шаққан кезде шара қолдану: