
Облыстық төтенше жағдайлардың мәліметіне сәйкес облыс аумағында су тасқынына барынша бейім 49 елді мекен анықталған. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында 46 елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Қалған үш елді мекенде жұмыстар жоспарланған мерзімдерге сәйкес жалғасуда, олар Кербұлақ ауданының Малайсары, Панфилов ауданының Қоңырөлен және Сұптай ауылдарында.
Дегенімен, облыс аумағында су басу қауіпі салдарының алдын алу және қажетті шараларды атқару мақсатында жыл сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен және Ұлттық сараптама орталығының Жетісу облысы бойынша филиалының директорымен келісімделген, Департамент басшысымен бекітілген Жетісу облысы бойынша су тасқыны кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, басқарма мамандарының су тасқыны жағдайларында іс-қимыл алгоритмдері әзірленген және олар бойынша шаралар атқарылуда.
Су басу қауіпі болған кезінде келесі қағидаларды сақтауға кеңес береміз, олар:
Эвакуациялық пунктерде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мекемелерінің мамандары өз жұмыстарын алгоритмге сәйкес жүргізетін болады.
Су тасқыны кезінде ауыз су мен кәріз жүйелерінің зақымдануы және аула дәретханалары мен қоқыс үйінділері шайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдай жұқпалы, ішек және паразитарлық аурулардың (гепатит, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (кеміргіштердің бөлінділерімен ауыз судың ластануы), бруцеллез, сальмонеллез, құрттар) пайда болуын және су арқылы таралу ықтималдығын арттырады.
Тұрғын үйлерді және оның ауласын тазалау, соның ішінде мерт болған кеміргіштерді жинау қолғаппен жүргізу керек. Аулада жеке су алу колонкалары болған жағдайда, олардан суды сору арқылы кептіріп, дезинфекциялау керек (бұл әсіресе саяжайлар мен ауыл тұрғындарына қатысты). Жұқпалы аурулардың жедел белгілері пайда болған кезде (дене температурасының жоғарылауы, құсу, сұйық нәжістің пайда болуы және т.б.) дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Тағы бір айтылатын мәселенің бірі үй аумағына іргелес орналасқан арық желілерін, жеке меншік аумақтағы тұрмыстық сарқынды суларды ағызуға арналған септиктерді уақтылы тазартып тұруды сұраймыз.
Есіңізде болсын, қарапайым қағидаларды сақтау Сіздерді көптеген аурулардан сақтайды!