«Еуропалық иммундау апталығы 2026ж».

«Еуропалық иммундау апталығы 2026ж».

2026 жылдың 24 – 30 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.

Вакцинация - медицина тарихындағы ең қуатты құралдардың бірі. Соңғы жарты ғасырда вакциналар 150 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалды. Бұл өздігінен болған жоқ, бұл - жақындарын қорғау үшін қабылданған миллиондаған адамдардың саналы шешімдерінің нәтижесі. Елестетіп көріңіз: 50 жыл бойы әр минут сайын 6 адамның өмірі сақталып келеді.

Бұл көрсеткіштердің артында жанқияр медициналық қызметкерлер, жауапты ата-аналар және тұтас қоғамдастықтар тұр. Бұл - қызылша, дифтерия, көкжөтел және полиомиелит сияқты ауруларсыз болашақты таңдаған бірнеше ұрпақтың шешімінің нәтижесі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундау мәселелеріне назар аудару үшін  Еуропалық иммундау апталығын 2005 жылдан бастап жүргізуде. Бұл шара жыл сайын сәуір айының аяғында, тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін жоғарылату және барлық Еуропа аймағында иммундауды жандандыру мақсатында жүргізіледі.

Еуропалық иммундау апталығының негізгі міндеті – арнайы алдын алу шаралары арқылы әрбір адамның сырқаттанушылықтан қорғануға қажеттілігі және оған құқығы бары туралы түсінігін қалыптастыру.

Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алуда денсаулық сақтау саласының басты бағыты вакцинация болып табылады. Иммундау арқылы жұқпалы аурулардан қорғану ұзақ жылдардан белгілі. Тиімді және қауіпсіз вакцинаны қолдану нәтижесінде эпидемияға, өлім жағдайына алып келетін бірқатар ауыр жұқпалы аурулардың жойылуына қол жеткізілді, жұқпалы ауруларға қарсы ұжымдық иммунитет және тұрғындардың эпидемиялық салауаттылығы қалыптасты.

 Соған қарамастан, бірнеше ұрпақтың еңбегімен қол жеткізілген бұл прогресс қауіп-қатерге ұшырауда. Жыл сайын шамамен Жетісу облысында 500 бала қажетті вакциналарды алмайды, оның ішінде 70% бірде-бір вакцина дозасын алмаған. Бүгінгі күні жалған және жаңылыстыратын ақпараттың таралуы да үлкен қауіпке айналып отыр. Бұл тек осы балаларға ғана емес, бүкіл әлемдегі өз денсаулығы мен отбасыларының денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдауға ұмтылатын адамдарға қатысты.

Вакциналар туралы жалған ақпарат вакциналар алғаш пайда болғаннан бері болғанымен, ол кеңінен таралып, қоғамның сеніміне қауіп төндіруде. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті жалған ақпаратпен бетпе-бет келу адамдардың вакцина қауіпсіздігіне күмән келтіруіне себеп болуы мүмкін. Бұл бұрын балаларын вакцинациялаған ата-аналарға да әсер етуі мүмкін.

Бірнеше жылдар бойы Жетісу облысында тұрғындардың екпемен жоғары қамтылуының нәтижесінде дифтерия, полиомиелит сырқаттанушылықтары тіркелген жоқ. Қызамық, жіті вирустық «В» гепатиті, эпидемиялық паротит сырқаттанушылықтары едәуір төмендеген.

Облыс бойынша барлық тіркелетін инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылықтар арасында иммундаумен басқарылатын бес жұқпалы аурулардың (эпидемиялық паротит, көкжөтел, қызылша, вирустық А, В гепатиттері) үлесі тек 1,5% құрайды.

Иммундау арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың қауіпі толығымен жойылған жоқ. Өкінішке қарай, әлем бойынша жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген миллионға жуық бала өлім жағдайына ұшырайды.  Иммундау тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды.             

Дамып келе жатқан мемлекеттер балаларына вакцина алуға күресіп жатқанда, дамыған елдерде басқа мәселелер туындауда. Ересектер мен балалар арасында сырқаттанушылық көрсеткішінің төмен деңгейінен, ата - аналар балаларын ектіруден негізсіз бас тартуда. Бұл жалған сенімдер дифтерия, қызылша, көкжөтел, паротит секілді сырқаттанушылықтардың жоғарылауына әкеліп соқтыруы мүмкін.  Бұған 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алып жатқан қызылша, көкжөтелдің жағдайлары мысал бола алады. Жетісу облысында 2023 жылы қызылшаның 576, 2024 жылы 727, көкжөтелдің 177 жағдайы тіркелді. Ал 2026 жылы қызылшаның 87 жағдайы тіркелді. Оның ішінде қызылшамен ауырғандардың 80%, көкжөтелдің 92% вакцинацияланбаған балалар мен иммундық мәртебесі белгісіз адамдарға өтеді.

Бірақ көптеген ата-аналар екпелерді медициналық қызметкерлермен формальды түрде жасалады деп бағалайды, көбінесе сауықтыру сипатында қарамайды, оның салдары негізсіз екпеден бас тартуға әкеліп соқтырады. Барлық ата-аналар өз балаларының саламаттылығы мен денсаулығы үшін алаңдайды, осындай қағида вакцинопрофилактика үшін де саламатты өмір салты ретінде негізгі болып қалыптасуы тиіс. Ата-аналардың өз балаларының денсаулығына белсенді көңіл бөлуі және медициналық қызметкерлермен тығыз байланыста болуы вакцинопрофилактика үшін сенімді көз қарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.   

 Әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакциналарға бөлінген шығындардың эпидемиологиялық тұрғыдан тиімділігі дәлелденген, яғни сырқаттанып емделгенге қажетті шығыннан шамамен 10-нан 1000 есеге дейін төмен.

Иммундау апталығы шеңберінде егілусіз қалып жатқан басқа республикалардан, аймақтардан келген, тіркеусіз (оның ішінде саяжайларда), заңсыз тұрақтаған халық топтарын, дін қауымдарының мүшелерін анықтап жұқпалы сырқаттанушылыққа қарсы жоспарлы иммундауға медициналық ұйымдарға есепке алу шаралары ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы, иммундауға сенімді көзқарасты қалыптастыру және Қазақстан Республикасының «Ұлттық күнтізбесіне» сәйкес жастарына байланысты егумен толық қамту жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Балаңызды қазір ектіру арқылы, Сіз тек сырқаттанушылықтың пайда болуының алын алып қана қоймай, ауыр асқынулардан сақтап қаласыз, бұл өте маңызды. Сырқаттанбай тұрып, балаңызға қазір көмектесіңіз! Оның болашақ өмірін қауіпсіз етіңіз, өзіңізге дені сау ұрпақ қауанышын силаңыз! Иммундау апталығы – өз балаңызды және өзіңізді бүгін қорғаудың мүмкіндігі!