
Өндірістік бақылау – бұл өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.
Өндірістік бақылаудың мақсаты – объектіде өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Оны кім өткізуі керек?
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылауға және қадағалауға жататын объектілерде өндірістік бақылауды қамтамасыз ету жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның басшысының міндетіне жүктеледі.
Өндірістік бақылауға нені енгізу керек?
Білген маңызды!
Объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне ұсынылады. Өндірістік бақылау нәтижелерін ұсынбау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектіні бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау кестесіне енгізуге негіз болып табылады.