Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясындағы айлықты ұйымдастыру және өткізу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясындағы айлықты ұйымдастыру және өткізу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылы 25 ақпанда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, облыстық фтизиопульмонолгоия орталығы, № 1, № 2 қалалық емхана өкілдерінің қатысуымен «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!» атты ұранымен  «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясындағы айлықты ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде туберкулездің эпидемиологиялық ахуалы, атқарылып жатқан шаралар, туберкулезбен күресудегі өзекті мәселелермен оның шешу жолдары, қоғамдық орындарда өткізілетін шаралардың маңызы талқыланып, «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне» орай туберкулездің алдын алу бойынша 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында өткізілетін айлықтың жоспары құрылды.