«Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек».

«Биологиялық белсенді тағамдық қоспалар: тұтынушы нені білуі керек».

Қазіргі уақытта биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) танымалдығы артып келеді. Дәріханаларда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы көптеген диеталық қоспаларды жарнамалайды және сатады. Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз не және оларды таңдау кезінде өзіңізді қалай қорғауға болатынын қарастырайық.

         Биологиялық белсенді қоспалар -тамақпен бір мезгілде тұтынуға немесе тамақ өнімдерінің құрамына енгізуге арналған табиғи және (немесе) табиғи биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер.

ББҚ мамандандырылған тамақ өнімдеріне жатады (яғни олар дәрі емес) және мемлекеттік тіркеуге жатады. Олардың қауіпсіздігін растайтын құжат мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады. Куәліктің болуы мен түпнұсқалығын Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тексеруге болады.

ББҚ сатып алғанда, таңбалауға назар аударыңыз. Таңбалау міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы керек. Сенімді болуға, тұтынушыларды адастырмауға және мынадай ақпаратты қамтуға тиіс: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМО болуы туралы мәліметтер және ЕАС белгісі.

Қазіргі уақытта ББҚ интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы кеңінен жүзеге асырылады.  Осыған байланысты өнімді таңдағанда мұқият болуды ұсынамыз. ББҚ сатып алмас бұрын, назар аударыңыз жарнама таратушылар өз беттерінде қандай ақпаратты орналастырады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес теле - және радиоарналарға, интернет-ресурстарға арналған ББҚ жарнамасында мынадай ақпарат болуға тиіс:

- өнімнің сауда атауы және өндірушінің атауы;

- егер бұл өнім атауынан туындамаса, өнімнің мақсаты туралы мәліметтер;

- негізгі көрсеткіштер, қолдануға қарсы көрсеткіштер және жанама әсерлер (олар болған кезде);

- мемлекеттік тіркеудің болуы туралы мәліметтер;

         Әрбір жағдайда жарнама ББҚның дәрі емес екендігі туралы ескертумен бірге жүруі керек.

Құрметті облыс тұрғындары! ББҚ сатып алғанда абай болыңыз. Егер жарнамада заңнамада көзделген мәліметтер болмаса, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болмаса, онда мұндай өнімді сатып алудан бас тартуды ұсынамыз.