Жетісу облысы бойынша 2025 жылғы Бақылау сатып алу қорытындысы.

Жетісу облысы бойынша 2025 жылғы Бақылау сатып алу қорытындысы.

Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары өткізетін 2025 жылғы өнімді бақылау сатып алу нәтижелері зерттелген өнімнің (тауарлардың) 25%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті.

Негізгі зертханалық бақылау сүт, ет өнімдері, құс еті сияқты азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік маңызды тобына, сондай-ақ ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлар, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, балалар мен жасөспірімдерге арналған киім және т. б. өткізілді.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері сәйкес келмейтін өнімдер мен тауарлардың 95%-ы импорттық өнімге (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Корея, Украина, Польша, Германия, белгісіз өндірушілер) тиесілі екенін көрсетті.

Анықталған ауытқулардың 97%-ы өндірушілердің өнімді (тауарларды) таңбалау ережелерін бұзуына, тұтынушыларды алдау мен санитариялық- химиялық көрсеткіштерге 2%-дан, қауіпсіздік көрсеткіштеріне 1%-дан аз келеді.

Таңбалаудың жиі кездесетін бұзушылықтары - мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, немесе мемлекеттік тілге дұрыс аударылмауы, өнім (тауар) өндірілген күні, сақтау шарттары, салмағы (көлемі) көрсетілмеген. Затбелгі бойынша өнім өндірушінің кім екенін, оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған, мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалау мүлдем болмаған фактілер болды.

Тамақ өнімдерінің сәйкес келмейтін сынамаларының ең көп пайызы құс өнімдеріне (7%), сүт және сүт өнімдеріне (4%), май өнімдеріне, кондитерлік және ұн-жарма өнімдеріне 2%-дан келеді, қалған өнім түрлеріне 1%-дан аз келеді.

Азық-түлік емес тауарлардың ішінде ойыншықтарда (19%), балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдерде (15%), жеңіл өнеркәсіп өнімдерінде (14%) бұзушылықтар анықталды, тауарлардың басқа түрлеріне 7%-дан 2%-ға дейін келеді.

Құс өнімдерін бақылап сатып алу нәтижелері сәйкес келмейтін сынамалардың 35%-ы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Республика аумағына әкелінетін өнім және 59%-ы таңбалануы мүлдем жоқ белгісіз өндірілген өнімге сәйкес келмейтін өнімн екенін көрсетті. 

Сүт өнімдерін бақылау арқылы сатып алынған өнімнің 12%-ы таңбалау бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті, ал 50%-ы Ресейден әкелінетін сүт өнімдеріне тиесілі. Сонымен қатар, отандық өндірістегі сүт өнімдері сүт майының май-қышқылдық құрамына сәйкес келмейтін фактілер анықталды, яғни сүттен жасалмаған майлар қосылды.

Ет өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері 100% сәйкес келмейтін өнім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде (Ресей, Қырғызстан) өндірілгенін көрсетті. Өнімдер таңбалау бойынша да сәйкес келмеді.

Облыс аумағында сатылатын ойыншықтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Бақылау сатып алу нәтижелері зерттелген ойыншықтардың 77%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті, 100%-да бұл таңбалаудың бұзылуы. Сонымен қатар, ҚХР шығарған ойыншықтардың және белгісіз өндірушілердің 5 сынамасында стирол, толуол мөлшерінің артуы анықталды («robot of the CAR» пластмассадан жасалған трансформатор ойыншығы, «Баскетбол» пластмасса ойыншықтар жиынтығы, «sports 4WD POWER» төрт ойыншық машиналар жиынтығы, «Beauty girl» қыздарға арналған қуыршақ). Тергеп-тексеру жүргізу кезінде сатылымда қауіпті ойыншықтар табылған жоқ.

Жалпы 2025 жылдың кезеңінде анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) сатудан алып тастау туралы жедел ден қою шарасын қолдану туралы 87 қаулы берілді.

Нәтижесінде 182 кг-нан астам өнімнің (тамақ өнімдері – 130 кг, азық-түлік емес тауарлар - 42 кг) сатылуына тиым салынды.

Бақылау сатып алу қорытындысы бойынша аумақтық басқармалардың мамандары 73 тергеп-тексеру жүргізді, оның барысында 15 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 2,7 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттарды (декларациялар, сертификаттар) жарамсыз екенін тану үшін Жетісу облысы техникалық реттеу және метрология Комитетінің департаментіне 15 материал жіберілді. Құжаттардың қолданылуы тоқтатылды.

Құрметті өнімдер мен тауарларды әкелумен және өткізумен айналысатын кәсіпкерлер (сатушылар, жеткізушілер)!

Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сіздерге қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін, оның ішінде таңбалау бөлігінде өнімдер мен тауарларды шығаруға және өткізуге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды ұсынады.