
Вибрация – механикалық тербелістер. Көптеген технологиялық өндірістік үдерістер жұмысшы организміне зиянды әсерін тигізетін вибрациямен бірге жүреді.
Вибрация адамның ағзасына берілу тәсілі бойынша (вибрация көзімен жанасу сипатына байланысты) шартты түрде екіге бөлінеді:
Өз кезегінде, жалпы вибрация келесі түрлерге бөлінеді: көліктік, көлік-технологиялық және технологиялық вибрация.
Жоғары деңгейдегі вибрацияның ұзақ уақыт бойы әсер етуі адамның тез шаршауына, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, аурушаңдықтың артуына және жиі түрде вибрациялық ауру сияқты кәсіптік патологияның пайда болуына әкеледі.
Жалпы вибрация мен соққы әсерінен туындайтын вибрациялық ауру көбінесе көлік жүргізушілерінде және көлік-технологиялық машиналар мен агрегат операторларында байқалады. Бұл аурудың негізгі синдромдарының бірі – вестибулопатия, ол бас айналу, бас ауруы сияқты вестибуло-вегетативтік бұзылыстармен көрінеді. Омыртқаға тән өзгерістердің бірі — бел-құйымшақ бөлімінің деформациялаушы остеоартрозы. Мұндай өзгерістер әдетте еңбек қабілетінің төмендеуіне себеп болатын екиншілік түбіршек (корешок) бұзылыстарымен қатар жүреді. Вибрациялық аурудың барлық түрлерінде жиі орталық жүйке жүйесі тарапынан өзгерістер байқалады. Олар неврастениялық фондағы вегетативтік дисфункция түрінде көрінеді және вибрациямен қатар жүретін қатты шудың біріге әсер етуімен байланысты болуы мүмкін.
Өндірістік ортадағы вибрацияның ағзаға зиянды әсерін күшейтетін факторларға шамадан тыс бұлшықет жүктемелері, жоғары қарқындылықтағы шу, сондай-ақ қолайсыз микроклиматтық жағдайлар жатады.
Жалпы вибрациямен күресте жұмысшының ағзасына әсер ету уақытын шектеуге бағытталған шаралар ең тиімді болып табылады:
Санитарлық-профилактикалық шараларға мыналар жатады:
вибрацияны бәсеңдететін жеке қорғаныс құралдарын қолдану (арнайы аяқкиім, орындықтар, кілемшелер)