
Дезинфекциялық,дезинсекциялық, дератизациялық құралдардың (бұдан әрі –дезқұралдар) дезинфекция,дезинсекция, дератизация құралдарының қауіптілік классификациясына сәйкес анықталады. Қауіптілік деңгейіне қарай 4 классқа бөлінеді, және оларды қолдану шарттары осы деңгейіне байланысты айқындалады:
Дезинфектанттармен дұрыс жұмыс істемеу улануға алып келуі мүмкін. Жеңіл түрінде улану бас ауруы, бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, дене қызуының 37 градусқа дейін көтерілуімен, мұрын мен тамақтың қышуы, мұрыннан бөлінділердің шығуы, кейде қан кету; жүрек айну; әлсіздік; сілекей бөлінуінің күшеюі байқалады. Ауыр түрінде улану кезінде келесі белгілер пайда болады: қатты құрғақ жөтел; ауыздан көбік шығу; кеуде мен асқазанда, мұрын мен көмейде ауырсыну және жайсыздық сезімі; дем алу қиындауы; мойын мен беттегі тамырлардың көрініп ісінуі; есінен тану мүмкін.
Дезинфекциялық заттармен улану болған жағдайда ең алдымен улануға себеп болған затты анықтау қажет. Көмек көрсету зақымданған аймаққа байланысты:
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстары тек қана Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті берген лицензиясы бар ұйымдармен жүргізіледі. Бүгінгі күні Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсету құқығына 5 лицензия және 1 қосымша лицензия берген. Олар:«Дезинфекция» ЖШС, «Коксуская райдезстанция» ЖШС, «Фармия» ЖШС,«Ala comfort» ЖШС, «Талдықорған обаға қарсы станциясы» РММ, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облысы бойынша филиалы.
Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге тек кәмелет жасына толған, денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ адамдарға рұқсат етіледі. санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігерлері немесе мамандары, «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, дезинфектор-нұсқаушысының денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация мәселелері бойынша сертификаттау курсынан өткен Олар әр 5 жыл сайын денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация мәселелері бойынша сертификаттау курстарынан және жыл сайын қауіпсіздік және дезқұралдармен улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқамадан өтеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, дезинфекциялық уланудың алдын алу мақсатында дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын тек денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуге лицензиясы бар ұйымдарға ғана тапсыруларыңызды сұраймыз.