Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шығыстың жарық жұлдызы - Шоқан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шығыстың жарық жұлдызы - Шоқан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

2025 жылдың 31 қазанда қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында орналасқан мұражайдағы мәжіліс залында журналисттер Одағының мүшесі, публицист, Шоқантанушы, өлкетанушы Ақылбеков Азамат Бақтыбайұлының қатысуымен «Шығыстың жарық жұлдызы - Шоқан» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Жетісі облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары арасында осы шарамен байланысты өткізілген конкурс жеңімпаздары баяндамаларымен презентациялап, жеңімпаздарға мақтау қағаздары ұсынылды.

      Іс-шара барысында муражайда экскурсия өткізіліп, Шоқан Уәлихановты еске алу мақсатында ескерткішіне бардық.