Ұстаздар күні қарсаңында Жетісу облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Сәкенұлы Чарапиев өзінің аяулы ұстазы, қазіргі Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Серік Максимұлы Жансеңгіровпен кездесті, Алғыс хатымен оның біліміне, қолдауына, шабытына ризашылығын білдірді. Серік Максимұлы медицина саласының көптеген басшыларын оқытып, тәлімгерлік етті, соның ішінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Иван Александрович Самойленко.
Құрметті ұстаздар, ұстаздық жолыңыз бұдан да зор қуаныш пен жағымды эмоциялар әкелсін! Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!