Балмұздақ – балалар мен ересектердің сүйікті тәттілерінің бірі. Жұмсақ балмұздақ – бұл фризерде жасалған және мұздатқышта қатаю процесінен өтпеген сүт өнімі. Дайындалғаннан кейін бірден тұтынылады және сақтауға жатпайды. Қазіргі уақытта балмұздақ көшеде шағын мұздатқыштардан, салқындату витриналары және арбалардан бастап павильондарға дейін сатылады.
Жұмсақ балмұздақты сақтау температурасының бұзылуы, өндіру технологиясы және сату, өнімді қабылдау жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаса, жұмсақ балмұздақ ішек инфекцияларына, улануға және одан да ауыр денсаулық проблемаларына әкелуі мүмкін.
Улану белгілері бас ауруы, қызу көтерілу, құсу, жүрек айну, диарея, іштің ауыруы түрінде көрінеді. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз және уланудың айқын белгілері болса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгініңіз. Осы объектілердің сатушылары сауда орны мен жабдықты таза ұстауы, өнімді олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттармен бірге қабылдауы, жарамдылық мерзімдерін, сақтау және өткізу шарттарын сақтауы, тамақ өнімдерін ластанудан сақтауы, таза арнайы киім, бір рет қолданылатын қолғап киюі және жеке гигиена ережелерін сақтауы, медициналық тексеруден уақтылы өтуі тиіс.
Егер сіз жұмсақ балмұздақ сатып алсаңыз, неге мән беру керек:
Сіздің және балаларыңыздың денсаулығын сіздің қолыңызда екенін есіңізде сақтаңыз!