Сынап – күміс-ақ түсті сұйық металл, нақты физикалық қасиеттері жоқ (түсі, иісі). Адам ағзасын сынаптың буы және жинақталған улар тобына жататын органикалық қосылыстар улайды. Сынап кейбір, бөлмедегі температураны өлшейтін термометрлер, медициналық термометрлер, энергияны үнемдейтін люминесцентті шамдар құрамында кездеседі. Ағаш, пластмасса, бояу сияқты материалдар сынап буын белсенді түрде сіңіреді.
Адам ағзасына сынап ингаляциялық (дем алу) түрде және су арқылы еніп, жедел және созылмалы уланудың дамуына әкеледі. Ағзаға енген сынап қан ферменттерімен байланысып, олардың белсенділігін тежейді және тыныс алу жеткіліксіздігін тудырады. Зақымдалатын мүшелер қатарына орталық жүйке жүйесі, бүйрек және бауыр жатады, онда некротикалық және дистрофиялық процестер пайда болады, осы органдардың функционалдық бұзылыстары дамиды.
Сынап буымен жедел улану симптомдары 8-24 сағаттан кейін көрінеді және жалпы әлсіздік, бас ауруы, жұтылу кезіндегі ауырсыну, температураның жоғарылауы байқалады. Біраз уақыттан кейін қызыл иектің ауыруы, іштің ауыруы, асқазанның бұзылуы пайда болады.
Егер сіз құрамында сынап бар құрылғыларды(термометр, медициналық термометр немесе энергияны үнемдейтін люминесцентті шам) сындырған болсаңыз:
1) үй-жайларды желдету үшін терезелер мен есіктерді кемінде 15-30 минут ашыңыз;
2) тыныс алу мүшелерін қорғау үшін мақта-дәкеден жасалған дымқыл масканы немесе медициналық масканы қолдануға болады, егер бар болса, респираторды қолданған дұрыс;
3) барлық шыны сынықтары мен төгілген домалақ шар түріндегі сынапты шыны ыдысқа немесе полиэтилен пакетке мұқият жинап, герметикалық түрде жабыңыз. Сынапты жинауға медициналық шприц, эмальданған шелек, қалың қағаз, лейкопластырь жақсы көмектеседі. Осыдан кейін қалдықтарды,сіздің елді мекеніңіздегі ең жақын улы қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктеріне тастау керек.
4) ластанған жерлерді калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуыңыз, (хал.марганцовка себебі калий перманганаты, қорғаныс қабатын жасайды, сынапты тотықтырады және оны ұшпайтын күйге келтіреді)(1 литр суға 2 грамм).
Сынап буымен улануды болдырмау мақсатында шаңсорғышты пайдалануға, сынған термометрлер мен сынапты қоқыс жәшігіне тастауға, сынапты сантехника мен кәрізге ағызуға болмайды.