Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай конкурс ұйымдастырылды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай конкурс ұйымдастырылды

2025 жылдың 19 мамыр мен 4 маусым аралығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Жетісі облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) арасында конкурс өткізілді. Конкурс үш кезеңнен кұралды: жазба материалдар (Абай Құнанбайұлы туралы мәліметтер, фактілер көрсетілген реферат, немесе презентация); әдебиеттік мұра (Абай Құнанбайұлының өлендерін, қара сөздерін бейнеролик арқылы дәріптеу); викторина (алдынғы екі кезеңде ең мықты 3 Басқарма арасында 15 сұрақ телефонмен хабарласу арқылы қойылды).
2025 жылғы 4 маусымда комиссия отырысы өткізіліп, нәтижесі шығарылды: жеңімпаз болып, Көксу аудандық басқарамасы, екінші орын – Сарқан аудандық Басқармасы, үшінші орын – Ақсу және Ескелді аудандық Басқармалары алды.