Биыл Құрбан айт мерекесі маусым айының 06-08 күндеріне сәйкес келеді.
Алдағы мерекеде сібір жарасы, бруцеллез, листериоз сияқты және басқа да аса қауіпті жұқпалы аурулардың, сондай-ақ жаппай тамақтан улану мен жіті ішек жұқпалы аурулардың туындауының алдын алу мақсатында гигиеналық ережелерді қатан сақтауды қажет.
Мереке күндері құрбандық шалу үшін мал сою және басқа да іс-шаралар, сондай-ақ еске алу астары жаппай өткізілетіндіктен, келесі қарапайым ережелерді есте сақтауды ұсынамыз:
Қонақ шақырып, үйде дастарқан жайып іс-шаралар өткізген кезде жаңа дайындалған тағамдарды ұсыну қажет. Сонымен қатар тағамдарды сақтау шарттарына, азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Шикі және дайын өнімдерді әртүрлі тақтайларда кесіп, көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Шикі етті кесу кезінде алжапқышты, қолғапты қолдану қажет.
Азық-түлікті кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыз.
Алдын алуға бағытталған осы іс-шараларды ұстану, Құрбан айт қасиетті мерекесін халықтың денсаулығы үшін жағымсыз салдарсыз өткізуге мүмкіндік береді.