1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі!
Аталған мереке елімізде жылда аталып өтеді. Бұл күні ата-аналар балаларын ойын-сауық орталықтарына, ойын алаңдарына, аттракциондарға, саябақтарға апарумен қатар, балаларды түрлі тағамдармен тамақтандырады. Соның салдарынан балалар арасында тағамнан улану жағдайлары тіркелуі мүмкін.
Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі ағзалардың жұмысының бұзылуы. Тамақтан улану жедел басталады. Мереке күндері тамақтан уланудың негізгі себептері: балалар тұтынатын азық-түлікті, тез бұзылатын тағамдарды сақтау шарттарын бұзу, тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақталмауы. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып балалардың тамақтан улануына алып келеді.
Ата-аналарға мереке қарсаңында балалар арасында тағамнан уланудың алдын алу мақсатында келесі кеңестерді ұсынамыз:
- тамақ өнімдерін жарамдылық мерзімін ескере отырып тұтыну;
- тамақ өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;
- үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;
- азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына назар аудару;
- тез бұзылатын тағам түрлері тоңазытқышта және 1,5 сағат көлемінде сақталу қажет;
- кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында майонез қосылған тағам түрлерін сатып алмау.
Осы қарапайым талаптарды сақтау, мереке күндері балаларыңызды тамақтан уланудан қорғайды. Егер тағамнан улану белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін есте сақтаған абзал.