Жазғы сауықтыру маусымы ашылмас бұрын келесідей талаптарды орындау қажет

Жазғы сауықтыру маусымы ашылмас бұрын келесідей талаптарды орындау қажет
  • Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
  • Аумақты тазалау және абаттандыру;
  • Инженерлік желілердің, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру, желдеткіш жүйелерін тексеру актілерінің болуы;
  • Ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, мамандандырылған ұйымдармен сумен жабдықтау жүйелерін жуу жөніндегі актінің болуы;
  • Профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар бойынша орындалған жұмыстар туралы актілерінің болуы;
  • Төсек-орын, ыдыс-аяқ, асхана жабдықтары мен мүкәммалдың жеткілікті мөлшерімен жарақтандыру;
  • Объектіні пайдалануға беру алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
  • Медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткен білікті кадрлармен жасақталуын қамтамасыз ету;
  • 071/е нысаны бойынша «Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама» құжаты, инфекциялық аурулармен байланысы жоқ деген анықтама болған кезде балаларды қабылдауды жүзеге асыру;
  • Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбір ауысым аяқталғаннан кейін күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз ету.