Халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері бойынша жұмыс орындарында оқыту жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетілді

Халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері бойынша жұмыс орындарында оқыту жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетілді

2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында Талдықорған қаласында медицина ғылымдарының кандидаты, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхаметов Асхат Тұрсынханұлы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері бойынша жұмыс орындарында оқыту жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетті. Аталған іс-шараға ZOOM платформасы арқылы Жетісу облысының СЭБД аумақтық басқармаларының және Жетісу облысының «ҰСО» филиалының мамандарының қатысуымен жүргізілді. Қоршаған ортаның химиялық факторларының әсерінен тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері:

- жобалау құжаттамаларында ұсынылатын тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау материалдарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуде;

- атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын бағалауда;

- атмосфералық ауаның ластануы мен халық денсаулығының көрсеткіштері арасында себеп-салдарлық байланыстар орнатуда.