
2026ж. 16.07. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлының төрағалығымен «2026 жылдың І жартыжылдығында Жетісу облысы бойынша халықты жоспарлы иммундаумен қамту, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру жөнінде жасалып жатқан шаралар» туралы өңірлік штаб отырысы өткізілді.
Штаб отырысына Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, дін істері басқармасының басшылары және аудандық, қалалық әкімдердің орынбасарлары, медициналық ұйымдардың директорлары, олардың иммунопрофилактикаға жауапты орынбасарлары және эпидемиологтары қатысты.
Штаб отырысында халықты жоспарлы, толықтыра вакцинациямен қамту, екпеден бас тартқан тұрғындармен жұмыс, қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау мәселелері қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу, жоспарлы, толықтыра иммундауды уақытылы жүргізу, оңтайлы көрсеткішке қол жеткізу, қызылша инфекциясынан профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру туралы бірқатар тапсырма берді.