Меню
Страницы

Білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша семинар өткізілді

Білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша семинар өткізілді

Бүгін Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен жауапты мамандарына «Білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындыларын талдау» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттарға қатысты ерекше бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы мониторинг жүргізу туралы №2 Шешіміне сәйкес, 2026 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында облыс аумағындағы жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.
Семинар барысында жүргізілген мониторингтің қорытындылары қаралып, мониторингпен қамтылған білім беру ұйымдарында анықталған бұзушылықтар талқыланды. Сондай-ақ оларды жою бойынша қабылданатын шаралар және жаңа оқу жылының басталуына дейін санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері