Меню
Страницы

Ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижелері штаб отырысында қаралды

Ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижелері штаб отырысында қаралды

2026ж. 02.07. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлының төрағалығымен «Ерекше бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы мониторинг нәтижелері» туралы өңірлік штаб отырысы өткізілді.

Штаб отырысына Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, денсаулық сақтау басқармасының басшысы және аудандық, қалалық әкімдердің орынбасарлары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен медициналық ұйымдардың директорлары қатысты.

Штаб отырысында жүргізілген мониторингтің нәтижелері, балаларға профилактикалық егулерді ұйымдастыруға және жүргізуге, оның ішінде барлық деңгейде иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау кезінде салқын тізбекке қойылатын талаптарды сақтау, балалар арасында туберкулездің алдын алу жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау мәселелері қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу, жоспарлы, толықтыра иммундауды уақытылы жүргізу, оңтайлы көрсеткішке қол жеткізу, туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру туралы бірқатар тапсырма берді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты