
Ескелді ауданының әкімі Ахметов Елдос Турсынбаевичтың төралығымен 2026 жылдың 3 шілдесінде Ескелді ауданы, Сырымбет ауылы тұрғындарымен жүк көліктерінің қозғалысынан туындайтын шу, шаң және ауыз су сапасына қатысты ұжымдық шағымы бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Жетісу облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті, Ескелді ауданының прокуратурасы, Жетісу облысы бойынша экология департаменті, Жетісу облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жеке кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен проблемалық мәселелер талқыланып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін бірқатар шешімдер қабылданды.
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Сырымбет ауылында жаңа автожол құрылысы басталуда, сондай-ақ Сырымбет ауылын айналып өтуге жүк көлігі үшін жаңа автожол салу жоспарлануда.