
Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі: заң талаптары мен шектеулер” тақырыбында семинар өтті. Жиынға Жетісу облысы, Дін істері басқармас, Діни ахуалды талдау, ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұхтархан Бақтыбайұлы қатысып, түсіндірме жұмысын жүргізді.