
Жетісу облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіттің, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты Ғалия Каметқызы Молдаханованың, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Қуаныш Мүслімұлы Сайлаубайдың қатысуымен 2026 жылғы 10 ақпанда Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәжіліс залында Департамент пен аумақтық басқармалардың (онлайн) мамандарымен Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғаны түсіндірілді.
Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс екендігі ескерілді.