
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы А.С.Чарапиевтің төрағалығымен денсаулық сақтау, білім басқармалары басшыларының және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, медициналық ұйымдардың, білім беру бөлімдерінің басшылары мен мамандарының қатысуымен қызылша жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, атқарылатын шаралар бойынша облыстық штаб отырысы өткізілді.
Штаб отырысында қызылша жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шараларының жүргізілуі, жүргізілген тергеп-тексерулердің қорытындысы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қызылшаға қарсы қосымша вакцинацияның жүргізілуі туралы мәселелері қаралды және эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі жөнінде мүдделі мекемелердің басшыларына тапсырма берілді.