
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі С.Құрбанбеков Қаражал қаласы мен Жаңаарқа аудандарында іссапарда болып, мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауды тапсырды және 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі таралы” Заң және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге егжей-тегжей тоқталды.
Сырым Жиенқұлұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігіне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген негізгі тыйымдар мен шектеулерді еске салып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін теріс қылықтарға, оның ішінде лудоманияға тереңірек тоқталды.
Күнделікті тұрмыста қарапайымдылық танытуға және қоғам тарапынан негізді сын туғызуы мүмкін әрекеттерге жол бермеуге баса мән берілді. Мемлекеттік қызметшілер сыпайылық пен әдептілік танытып, өздерінің қызметтік жағдайын және мемлекеттік мүлікті жеке мәселелерін шешу мақсатында пайдаланбауы қажет екендігін ескертті.