
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы N50-ж бұйрығымен Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Елена Петровна Ткаченко тағайындалды.
Е.Ткаченко 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медецина институтын гигиена, санитария, эпидемиология мамандығын тәмамдап, еңбек жолын сол жылы Жезқазған қ.облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бастайды. Аталған салада үздіксіз қызмет етіп, 2024 жылы “Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті”республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарды.
Е.Ткаченко адал еңбегі үшін Денсаулық сақтау Министрінің құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғыс хатымен, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төс белгісімен марапатталған.